Құттықтаймыз!

Оқу орнымыздың Спорт және Өнер факультетінің студенттері Айжан Жылқыбаева, Фариза Әлі, Жұлдыз Жұмахан, Жанна Құдайберген, Шахноза Абдукадырова Семей қаласында өткен елішілік жарыста бас жүлдені жеңіп алды. Сонымен қатар, шәкірттеріміз Атырау қаласында Самбо күресінен өткен чемпионатта Түркістан облысының атынан жарысқа қатысып, 3 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль иеленді. Оқу орнымыздың спортшы жастарын Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысының міндетін атқарушы Қанат Жолдықараев қабылдап, жеңімпаздарды еліміздің спорт шебері атағымен марапаттады. Спортшы қыздарымыздың жеңісі Самбодан қыздар құрамасының аға бапкері Әбдісадық Халиллаевтың еңбегінің жемісі. Балуан қыздар Сербияда өтетін кезекті халықаралық жарысқа қатысуға дайындалуда. Шәкірттеріміз еліміздің туын көкке көтеріп, жеңіс тұғырынан көріне берулеріне тілектеспіз!
Ақпарат орталығы

Напишите свой вопрос

 

×