Тарихи тұлғаны еске алу

2020 жылдың 10 қараша күні Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Түркия Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүрікті еске алу жиыны онлайн форматында өтті. Жиынға оқу орнымыздың ұжымы мен Түркия Республикасындағы ұстаздар, білім алушылар қатысты.
Оқу орнымыздың ректоры Болатбек Абдрасилов Мұстафа Кемал Ататүріктің Түркия мемлекет құрудағы саяси ұстанымдары мен әскери тәртібі, ерекше жетістіктері мен көшбасшылық қасиеттерін атап өтті.
Мұстафа Кемал Ататүрік көптеген жылдар бойы елі үшін жауларға қарсы күрестерде жеңіске жетіп, 1923 жылы 29 қазанда Түркия Республикасын құрды.
Оқу орнымыздың Даму және қаржыландыру істері жөніндегі вице-президенті Пусат Пилтен Түркия Республикасының көшбасшысы Мұстафа Кемал Ататүріктің Түркия елінің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, білім беру, саяси салаларын дамытуы мен түбегейлі өзгерістер жасағандығын, бүгінгі заманауи Түркияның сәулетшісі болғандығын айтты.

Жиын барысында Мұстафа Кемал Ататүрік туралы бейнеролик көрсетіліп, студенттеріміз көшбасшы тұлғаға арнап өлеңдер оқыды.
1938 жылы 10 қарашада дүниеден озған Мұстафа Кемал Ататүрік туралы рухани естеліктер ешқашан ұмтылмайды. Тарихи тұлғаның есімі түркі халықтарының жадында мәңгі қалады.

Ақпарат орталығы

Напишите свой вопрос

 

×