«Басылым белсенділігі көрсеткіштерін арттыру және ғылыми мақалалар жазу сапасын жақсарту»

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде 2020 жылдың 17-қазанында басталған ғалымдардың ғылыми әлеуетін арттыру мақсатында Research Support Center компаниясының мамандарының қатысуымен ұйымдастырылған тренинг-семинар жалғасуда. «Басылым белсенділігі көрсеткіштерін арттыру және ғылыми мақалалар жазу сапасын жақсарту» тақырыбындағы семинарға университетіміздің 500-ге жуық оқытушы-профессорлары, ғылыми қызметкерлері, PhD докторанттар мен магистранттар қатысуда. Үш айға жалғасатын вебинарлар сериясында әлемдік ғылыми метрика, ғылыми-зерттеудегі халықаралық стандарттар, Scopus және WoS халықаралық базаларында рецензияланатын сапалы журналды табу және таңдау, ғалымдардың ғылыми рейтингісін арттыру тақырыптарында мазмұнды мәлімет беріледі. Сонымен қатар, ғалымдардың академиялық ғылыми жарияланым дағдыларын дамыту, Scopus және WoS халықаралық базаларында рецензияланатын ғылыми жарияланымдар санын арттыру және ғылыми-зерттеу жұмыстарының сапасын жақсарту бағыттары бойынша да вебинар жүргізіледі. Курс қорытындысы бойынша университет ғалымдары арнайы платформада алған білімдерін дәлелдей отырып, сертификаттар алады.

Ақпарат орталығы

Напишите свой вопрос

 

×