Шәкірттеріміз — жеңімпаз!

Түркістан қаласында 2020 жылдың қазан айының 5-11 күндері аралығында Баскетболдан 1999-2005 жылдары туылған жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге еліміздің 17 қаласынан 400-ге жуық спортшы бақтарын сынады. Оқу ордамыздың спортшылары  жарыста жақсы нәтиже көрсете білді. Қыздар арасында студенттеріміз Ботагөз Ерланқызы, Сайдина Азимова және Тамила Жакипова, Мерей Тултаева, Айнұр Сағындықова және Айдана Нұрмахамбетова Түркістан облысы атынан қатысып, жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында жүлделі 2 орынды иеленді. Ерлер арасында шәкірттеріміз Данияр Естемир, Қазыбек Серікбай және Дархан Тәңірберген жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында жүлделі 2 орынды иеленді. Спортшыларымызды жаттықтырып, жарысқа дайындаған қыздар арасындағы бас бапкер ҚР спорт шебері Ғалия Нұржанқызы Мамахан, ерлерді жаттықтырып, дайындаған бас бапкер ҚР спорт шебері Юнус Маратович Ирисметов. Шәкірттеріміздің байрақты бәсекелерде еліміздің туын көкке көтеріп, жеңіс тұғырынан көріне берулеріне тілектеспіз!

Ақпарат орталығы

Напишите свой вопрос

 

×