Шәкірттеріміз Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиаттары атанды

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының студенттік шәкіртақы конкурсының жеңімпаздары анықталды. Конкурсқа университетімізден 23 студент құжат тапсырып, конкурс нәтижесі бойынша 3 студент топ жарып, «Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиаттары» мәртебесі берілді. Олар: Филология факультетінің Әлем тілдері кафедрасының 4 курс студенті Мулдагалиев Алишер Нургалиевич, Медицина факультетінің Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының 4 курс студенті Тағай Ақниет Бекжігітұлы,
Әлеуметтік ғылымдар факультетінің Туризм және журналистика кафедрасының 4 курс студенті Әділбай Ғазиза Маратқызы.
Нұрсұлтан Назарбаев Қорының студенттік шәкіртақы конкурсы 2020 жылдың 22 маусым мен 5 қыркүйек аралығында өткізілді. Биылғы байқауға жалпы 354 өтінім жіберілген. Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең оқу орнында өткізіледі, ал екіншісін Қор ЖОО арасында ұйымдастырады. Екі кезеңнің қорытындысы бойынша 80 студент жеңімпаз атанған.
Жобаның негізгі мақсаты жоғары және арнаулы орта (өнер және мәдениет) білім беру оқу орындарының күндізгі бөлім студенттерінің оқуға деген құштарлығын жоғарылату, ғылыми жұмыспен айналысуын және шығармашылығын қолдау. Қордың стипендиясы жеке болып табылады және ай сайын 40 000 теңге көлемінде стипендия белгіленеді.
Барлық жеңімпаздарға «Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиаты» атағы беріліп және сертификат табыс етіледі.
Университетіміздің атынан конкурсқа қатысып, жеңімпаз атанған студенттерімізді шын жүректен құттықтай отырып, оларға шығармашылық табыс пен биік шыңдарды бағындыруларын тілейміз! Аталмыш стипендия студенттерімізді жаңа табыстарға шабыттандырады және үздік оқуға ынталарын арттыра түсетін болады деп сенеміз.

Напишите свой вопрос

 

×