Изображение 298
«Мәңгілік ел» жеңімпаздары

Жуырда, Шымкент қаласында «Мәңгілік ел» ән мен әншілер байқауы өткен болатын. Ән сайысында 52 композитор және 52 орындаушы қатысып екі кезеңдік сайыста бақ сынасты. Патриоттық шығармаларды дәріптейтін өнер байқауында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті «Продюсерлік орталық» директоры, композитор Әлімбай Ботақараның әндері І, ІІ жүлделі орынды иеленді. Ә.Ботақараевтың әндерін ХҚТУ түлегі Б.Исмағулов жоғары деңгейде орындады. Патриоттық […]

Изображение 305
Қасиетті Мәуліт кеші

19 сәуір Ахмет Ясауи университетінің Мәдениет орталығында әлемге рахмет етіп жіберілген сүйікті Пайғамбарымыз Хз. Мұхаммедтің (с.ғ.с) туылғанына 1446 жыл толуына орай Мәуліт кеші өтті. Кешке келген барша қонақтарға адамзаттың асыл тәжі пайғамбардың сүйікті раушан гүлі ілтипатпен берілді. Қасиетті ұлық мәуліт мерекесіне арналған салтанатты кеште университет І вице-президент М.Куталмыш, Даму және қаржыландыру жөніндегі вице-президент М.Эрен және […]

Изображение 383
«Ясауи» кубогы сыр асты

Бүгін, 18 сәуір күні Түркістандағы Ахмет Ясауи университетінде «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кубогы» жүлдесі үшін ұйымдастырылған волейболдан ҚР көктемгі чемпионаты өз мәресіне жетті. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ және ҚР Волейбол федерациясының мұрындық болуымен өткен републикалық чемпионат 12-18 сәуір аралығында өткізілді. Бір апта бойы тартысты ойын өрнегін көрсеткен 1999-2000 ж.ж. туылған жасөспірімдер кубокты сарапқа […]

318A0206
Қызметтік іс-сапар

17 сәуір күні Ахмет Ясауи университетінде Түркия мемлекетінен келген Академиялық тексеру комиссия мүшелері университет ұжымымен, оқытушы-профессорлармен, қызметкерлермен кездесті. Академиялық тексеру комиссия мүшелері, профессорлар Найыл Өзтач, Шериф Сағыроғлу, Мустафа Кавутчы, Хайдиет Шахин 2016 жылғы Академиялық тексеру есебі және 2017 жылғы өзін-өзі бағалау есебіне қатысты университет мәліметімен танысты. Сонымен қатар болашақта университеттің даму жолдары мен сапалы білім […]

IMG_7777
Этникалық бірегейлік сараланды

17 сәуір күні Ғылыми кітапхана конференц-залында «Темірқазық» студенттер клубының ұйымдастыруымен «Діни үдерістер мен халықтардың этникалық жіктелуі арасындағы сабақтастық» атты семинар өтті. Семинарға вице-президент, профессор Б.Мухамеджанов, студенттер, қаламыздағы өзбек диаспорасының өкілдері қатысты. Шараны «Темірқазық» клубының жетекшісі, «Дінтану» кафедрасының т.ғ.к., доценті З.Жандарбек жүргізді. Семинар қонағы — Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Ж.Артықбаев маңызды этнографиялық мәліметтер туралы […]

20170412_111550
Жаратылыстану факультетінің студенттері форумға қатысып, жоғары деңгейдегі білімдерін көрсетті

Сәуір айының 11-12 күндері Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «ЖАСЫЛ КӨПІР ҰРПАҚТАН-ҰРПАҚҚА» VI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ФОРУМЫ өтті. VI Халықаралық студенттік форумға Жаратылыстану факультетінің 1, 2 курс 5В060800 «Экология», 5В073100 «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандықтарының студенттері қатысып, жоғары деңгейдегі білімдерін көрсетті. «ЖАСЫЛ» ЭКОНОМИКАҒА ӨТУ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ атты 1-панельді отырыс нәтижесі […]

318A9619
Ахмет Ясауи университеті 100 ГРАНТ үлестірді

Бүгін, 14 сәуір күні Ахмет Ясауи университетінде IV Республикалық «Ясауи» пәндік олимпиада қорытындысы жарияланды. Республикалық олимпиадаға еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан 11-сыныптың 7 мыңға жуық оқушысы қатысты. Жасөспірімдер 11 пән бойынша білімдерін сарапқа салып, тек үздіктері жеңіске жетті. Марапаттау рәсімінде университет ректоры, профессор У.Әбдібеков және университеттің Даму және қаржыландыру жөніндегі вице-президенті М.Эрен жеңімпаздарға […]

318A9239
Университет аруы-2017

13 сәуір күні Ахмет Ясауи университеті Мәдениет орталығында «Жастар орталығы» және «Продюсерлік орталықтың» ұйымдастыруымен «Университет аруы-2017» қыз сыны байқауы өтті. «Шолпы» қыздар клубының дәстүрлі байқауына 50-ге жуық ниет білдірген арулар ішінен 12-сі іріктеуден өтіп, 4 кезең бойынша бақ сынады: Таныстыру, Өз өнерін көрсету, Интеллектуалды сұрақ (Түркістан қаласының тарихы туралы), Сән көйлектерін көрсету. Сайысқа әділ қазылар […]

2017-04-13-PHOTO-00000293 - копия
Жатақханадағы думанды той

12 сәуір күні оқу ордамыздың №5 Медицина жатақханасында Наурыз мерекесі аталып өтті. Жатақхана ұжымы, студенттері ақ дастархан жайып, қазақы қонақжайлық танытты. Студенттер бұл мерекені асыға күткендей тамаша концерттік бағдарлама қойып, керемет өнерлерін паш етті. Бұл шараның өзгелерден ерекшелігі, ұлттық нақышта киінген жүргізушілер Елнұр мен Асылзат қос ақ боз атпен шығып жиналған қауымның назарын бірден өздеріне […]

IMG_7632
Волейболдан республикалық чемпионат басталды

Бүгін, 13 сәуір күні ХҚТУ және ҚР Волейбол федерациясының ұйымдастыруымен «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кубогы» жүлдесі үшін волейбол спорт түрінен 1999-2000 ж.ж. туылған жасөспірімдер арасындағы ҚР көктемгі чемпионатыны ң ашылу салтанаты өтті. Б.Саттарханов атындағы ойын залында өткен чемпионат мақсаты – оқу ордамызда және түркі тілдес мемлекеттерде волейбол спортының кеңінен танылуына үлес қосу, […]

Напишите свой вопрос

 

×