б7
Жаңартылған білім мазмұны-заман талабы

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен А.Байтұрсынұлы Білім Академиясы бірлесіп «Мектеп жаңаруын ғылыми-педагогикалық сүйемелдеу» атты Республикалық оқу-әдістемелік семинар өткізді. Семинардың мақсаты — орта білім мазмұнының жаңаруы барысындағы өзгерістер мен практикада кездесетін күрделі мәселелерді талдау, оларды шешу жолдарын анықтау. Жиынға Республикамыздың барлық өңірлерінен келген ұстаздар, университетіміздің 45 оқытушы-профессор құрамы мен облыстық білім басқармасының әдіскерлері, 100-ге жуық […]

20200131_111648
Кеңейтілген ғылыми-семинар

31.01.2020ж. Инженерия факультетінде үш кафедраның ОПҚ құрамының қатысуымен кеңейтілген ғылыми-семинары өтті. МЭЭ-811 тобының 2-курс магистранты Есмұрат Балзияның «КТЗ фотоэлектрлік станциясының жұмыс режимін есептік зерттеу және моделімен диогностика жүйесін жасау» атты және Компьютерлік ғылымдар кафедрасының меңгерушісі, техн.ғ.кандидаты Т.А.Тұрымбетовтың «Үндістан мемлекеті қаржыландыратын Халықаралық ITEC бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері» жайында баяндама жасады. Есмұрат Балзия өз баяндамасында күн электр станциялар […]

IMG_20200127_173648
Ғылыми-әдістемелік семинар

2019 жылдың 24-25 қаңтар аралығында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Инженерия факультетінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру бойынша ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Отандық ғылымның инновациялық бағыты, университеттің ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырудағы өзгерістер туралы ғылыми-зерттеу жұмысы жөніндегі вице-президент К. М. Беркімбаев сөз сөйледі. Семинарда Электр инженериясы, Компьютерлік инженерия, Компьютерлік ғылымдар кафедраларының ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша есептері тыңдалып, алдағы уақыттағы […]

IMG_3140
Магистранттар ғылыми тағылымдамадан өтті

Қ.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Ә.Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университеті арасындағы қос диплом беру туралы келісім-шарт аясында жоспарланған тағылымдама қорытындыланды. Университетімізде Ә.Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университеті Түркология мамандығының 2 курс магистранттары 13-28 қаңтар аралығында тағылымдамадан өткен болатын. Жиынға Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университетінің проректоры […]

9
Кезекті Сенат мәжілісі өтті

2020 жылғы 28 қаңтарда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде кезекті Сенат мәжілісі өтті. Сенат мәжілісінде оқу орнымыздың Ерекше мәртебе алуына байланысты ағымдағы жылдың 15 қаңтарынан бастап оқытушы-профессор құрамының лауазымдық жалақысы 75 пайызға көтерілгендігі туралы хабарланды. Сонымен бірге, университеттің барлық қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы 30 пайызға көтеру туралы ректордың ұсынысын Сенат бір ауыздан қабылдады. Сонымен […]

IMG_5003
Латын әліпбиіне көшу-заман талабы

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жағдайында кәсіби өзін-өзі жетілдіру технологиялары» ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Жиынға оқытушы-профессор құрамы мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының өкілдері қатысты. Оқу орнымыздың 24 оқытушы-профессорлар құрамы Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының […]

IMG_2448
Спартакиада өз мәресіне жетті

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушы-профессорлары мен қызметкерлері арасындағы спартакиада өз мәресіне жетті. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялауын қолдау мақсатында ұйымдастырылған сайыста ұстаздар мен қызметкерлер эстафеталық ойын, волейбол, баскетбол, қол күресі, арқан тарту сияқты спорт түрлері бойынша сынға түскен болатын. Университетіміздің І вице-президенті Женгиз Томар спартакиадаға қатысқан жеңімпаз […]

IMG_2354
Бала қауіпсіздігі және білім саласындағы тәуекелдер

Қ.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде облыс прокуратурасының бастамасымен «Бала қауіпсіздігі және білім саласындағы тәуекелдер» тақырыбында ашық форумы өтті. Маңызды жиынға Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев, университетіміздің ректоры Б.Абдрасилов және профессор-оқытушылар құрамы, облыстық жергілікті атқарушы органдарының басшылары, қала және аудан әкімдері, құқық қорғау және бақылау органдарының басшылары, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ еріктілер қатысты. Облыс […]

0C3A1979
Облыс әкімі — Университетімізде!

Бүгін облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеев Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұжымымен кездесті. Мақсат – ерекше мәртебеге ие болған оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамын осынау айтулы қуаныштарымен құттықтай отырып, университет пен облыс әкімдігі бірлесе атқарар алдағы стратегиялық жоспарларымен бөлісу, оқу орнының ғалымдары жүзеге асыратын екі жақты ғылыми-инновациялық жобаларды жаңа қарқынмен дами бастаған өңір игілігіне […]

P1020579
Халықаралық әріптестік байланыстар нығаюда

Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ мен Самара мемлекеттік медициналық университеті арасында медицина саласы бойынша білім, ғылым және инновация бағыттарында әріптестік орнату мақсатында Самараға арнайы делегация іс сапармен барды. Делегация құрамында Оқу істері жөніндегі вице-президент Ө.Үмбетов, Ғылымды коммерцияландыру департаментінің директоры Е.Керімбеков, Медицина факультетінің деканы Ы.Молдалиев және Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру факультетінің деканы М.Жүнісов бар. Делегация құрамы […]