уздиктер
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грант иегерлері белгілі болды

Жуырда «ЖОО-ның үздік оқытушысы — 2017» байқауының нәтижесі жарияланды. Қазақстанның ЖОО профессор-оқытушылар құрамының педагогикалық және ғылыми шеберлігін саралайтын дәстүрлі байқауға бұл жылы да еліміздің тәжірибелі ұстаздары құжат ұсынған. Ахмет Ясауи университетінің 15 оқытушысы осы байқауға құжат рәсімдеген болатын. Нәтижесінде 200 үздік педагогтар қатарына төмендегі ұстаздар лайық танылып грант игері атанды. Атап айтсақ, «Физика» кафедрасының меңгерушісі, […]

318A3514
Ұстаздар Жолдау міндеттеріне қанықты

Бүгін 12 қаңтар күні Ахмет Ясауи университетінде Әлеуметтік ғылымдар факультетінің оқытушы-профессорлары Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын кеңінен талқылады. Талқылауға Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы, профессор М.Топлу, Тәрбие және мәдени істер департаменті директоры Л.Есентаева және оқытушы-профессор құрамы қатысты . Жиынның мақсаты – Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын талқылап, міндеттер мен межелер жайында пікір […]

IMG_1688
Межелі міндеттер сараланды

12 қаңтар күні университет жанынан құрылған Қоғамдық келісім кеңес мүшелері Ғылым және инновациялық істер жөніндегі проректор, профессор Т.П.Раимбердиевтің төрағалығымен дөнгелек үстел өткізді. П.ғ.д., профессор Г.Ғ.Еркибаева Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы бойынша баяндама жасады. Кеңес мүшелері дамыған 30 елдің қатарына кіруге ықпал ететін негізгі он міндетті, […]

IMG_1661
Стоматология факультеті ғалымдарының семинары

11 қаңтар күні  Стоматология факультетінің ғалымдары арасында ғылыми семинар өтті. Семинарды Ғылым және инновациялық істер жөніндегі проректор, профессор Т.П.Раимбердиев және Медицина саласы бойынша саларалық Ғылыми техникалық кеңес төрағасы, м.ғ.к., доцент Н.Жұманазаров жүргізді. Семинарды өткізудің басты мақсаты — университет ғалымдары арасында ғылыми бағыттағы ізденістерін насихаттау. Сонымен қатар, қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология саласында ғылымның өрлеуіне негіз болатын […]

318A3458
Ұстаздар спартакиадасы басталды

11 қаңтар күні Ахмет Ясауи университетінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын қолдау мақсатында, оқу орын Спорт клубының ұйымдастыруымен оқытушы-профессорлар мен қызметкерлер арасындағы ХХVІІ қысқы факультетаралық спартакиаданың ашылу салтанаты өтті. Спартакиаданың мақсаты – оқытушы-профессорлар мен қызметкерлерге салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау және денсаулығын нығайту, спортқа деген қызығушылығын арттыру, спорт түрлері […]

IMG_1488
Медицина факультеті ғалымдарының семинары

9-11 қаңтар күндері Медицина факультетінің ғалымдары арасында ғылыми семинар өтті. Семинарға факультет ғалымдары, кафедра меңгерушілері қатысты. Семинарды өткізудің басты мақсаты — университет ғалымдары арасында ғылыми бағыттағы ізденістерін насихаттау. Сонымен қатар, қоғамдық денсаулық сақтау, медицина салаларында ғылымның өрлеуіне негіз болатын ғылыми бағыттар өзектілігін бағалауды қалыптастыру сияқты мәселелер аясында сөз қозғалды. Аға буын ғалымдар С.А.Ажаев, И.А.Ишигов, К.М.Лаханова, […]

IMG_5734
Асыл жандарға құрмет көрсетілді

28 желтоқсан күні Әйелдер кеңесінің төрайымы, профессор Г.Еркибаева университеттегі белсенді оқытушы-профессорларды, қызметкерлерді жаңа жыл мерекесіне орай Алғыс хатпен марапаттады. Тәрбие және мәдени істер департаментінің директоры Л.Есентаева қызметтегі жетістіктері мен еселі еңбегі үшін марапатталған нәзік жандыларды құттықтады. Атап айтсақ, «Тарих» кафедрасының доценті Г.Примкулова, «Жалпы пәндер» кафедрасының оқытушысы Л.Алимбекова, «Білім технологиялар» кафедрасының меңгерушісі А.Құралбаева, Филология факультетінің оқытушысы […]

DSCF9256
Университет түлегі – PhD докторы атанды

26 желтоқсан күні «Астана медицина университеті» АҚ жанындағы «6Д110200-Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша Диссертациялық Кеңесте философия докторы (PhD) дәрежесіне үміткер докторант, университетіміздің үздік түлегі Накипов Жандулла Балғабайұлы «Университеттік клиника үлгісінің негіздемесі, қызмет етудің ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық негіздері» тақырыбында ғылыми жұмысын сәтті қорғап шықты. Накипов Жандулла 1999 жылы медицина факультетінің «Емдеу ісі» мамандығын үздік дипломмен бітіріп, […]