IMG_4893
Қайырымдылық — ең асыл іс

27 ақпан күні оқу ордамызда Түркістан қалалық «Шапағат» қайырымдылық қоры және ХҚТУ «Ясауи жастары» клубының ұйымдастыруымен «Мүсіркетпе тағдырым мені ешкімге» атты қайырымдылық кеші өтті. Қайырымдылық шара- жүректері мейірім мен ізгілікке толы ерекше жандарға арналды. Қайырымдылық — адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кеште «Шапағат» қайырымдылық қорының өнерпаз жастары әсем ән шырқап, монолог оқып, зиялы қауымға ерекше сезім […]

IMG_4921
№4 Сенат мәжілісі өтті

28 ақпан күні Мәдениет орталығының кіші залында №4 Сенат мәжілісі өтті. Мәжіліске сенат мүшелері және құрылымдық бөлім басшылары мен күн тәртібіне қатысы бар бөлім қызметкерлері қатысты. Мәжіліс дәстүрлі марапаттаудан басталды. Университет ректоры, профессор У.Әбдібеков және ректор уәкілі, профессор М.Куталмыш мерейтой иелерін, жетістікке қол жеткізген оқытушы-профессорларды марапаттады. Атап айтсақ, Ғылыми кітапхана директоры М.Абсеметова білім беру саласындағы […]

ипк
Ұстаздарға сертификат табысталды

Жуырда Ахмет Ясауи университетінің 64 ұстазына біліктілік сертификаттары табысталды. Университетіміздің Үздіксіз білім беру институтының ұйымдастыруымен ақпан айында оқу орнымыздың оқытушылары біліктілігін жетілдіру курсын игеріп шықты. Институт ұстаздарға «Жоғары оқу орындарында оқытудың заманауи педагогикалық технологиялары» тақырыбында 72 сағаттық дәріс өткен болатын. Аталған курсты оқу орнымыздың тәжірибелі ұстаздары м.ғ.к. К.С.Бабаева, п.ғ.к., профессор м.а. Г.Ж.Ниязова, оқытушы А.А.Кушкарова өткізді. […]

Республикалық «Ясауи» пәндік Олимпиадасының I-ші кезеңі өтті
V Республикалық «Ясауи» пәндік Олимпиадасының I-ші кезеңі өтті

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Қазақстандық мектеп бітірушілерге тегін оқуға мүмкіндік беретін V Республикалық «Ясауи» пәндік олимпиадасының I-ші кезеңін өткізді. Дарынды оқушыларды қолдау мақсатында ұйымдастырылған Олимпиаданың I-ші кезеңі 20-22 ақпан күндері онлайн жүйесі бойынша өткізілді. Олимпиаданың I-ші кезеңін сәтті тапсырып, жоғары ұпаймен II-ші кезеңге өткен қатысушылардың тізімін төменде жариялап отырмыз. Барлық қатысушыларға сәттілік […]

DSC_1
«Көшбасшылық дағдыларды дамыту» жастар форумы

26 ақпан күні, Ахмет Ясауи университетінде «Көшбасшылық дағдыларды дамыту» атты жастар форумы өтті өтті. Шара ұйымдастырушысы – БҰҰ-ның Алматыдағы өкілдігі Қоғамдық ақпарат департаментінің және ХҚТУ «Жастар орталығы», «Халықаралық қатынастар» клубы (IKTU International Relations Club). Клуб төрағасы – «Халықаралық қатынастар» мамандығының студенті Б.Унбаева. Клуб жетекшісі — «Халықаралық қатынастар» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к., PhD Эфтал Шукру Батмаз. Даму […]

DSC_1
«ДАРЫН -2018» ГАЛА-КОНЦЕРТІ

23 ақпан күні Продюсерлік орталықтың ұйымдастыруымен ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ««Ұлы дала ұлағаты» тақырыбында 5 күнге жалғасқан дәстүрлі XVIII «ДАРЫН -2018» фестивалінің жабылу салтанаты өтті. Биылғы фестивалдің басты ерекшелігі — ҚР халық әртісі, профессор, ұлағатты ұстаз, режиссер, туған жерге өнердің туын тіккен, қазақ театр өнерінің майталманы Райымбек Ноғайбайұлы Сейтметовтің […]

DSC_0796
Студенттер Ходжалы құрбандарын еске алды

22 ақпан күні Әзірбайжан мемлекетінен келген білім алушылардың ұйымдастыруымен 26 ақпан – Ходжалы құрбандарын еске алу күніне орай «Ходжалы геноциді түркі тілдес студенттердің есінде» атты еске алу шарасы өтті. Қатысушылар Ходжалы құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Даму және қаржыландыру жөніндегі проректор М.Эрен алғы сөз сөйлеп, Ходжалы қасіреті жайлы айтты. «Халықаралық қатынастар» кафедрасының меңгерушісі, PhD […]

318A8195
«Секуляризм және дін диалектикасы» атты ғылыми семинар

Бүгін, 22 ақпан күні «Әлеуметтік ғылымдар» факультетінде университетіміздің Даму және қаржыландыру ісі-жөніндегі проректоры, доктор-доцент м.а., М.Эрен «Секуляризм және дін диалектикасы» атты ғылыми семинар өткізді. Ғылыми-танымдық семинарға «Әлеуметтік ғылымдар» факультетінің деканы, профессор М.Топлу, оқытушы-профессорлар, студенттер, магистрант-докторанттар қатысты. М.Эрен алдымен «секуляризм» ұғымының мәні мен мазмұнына тоқталып, тарихи тұрғыдан пайда болуы және дамуы туралы сипаттама берді. Тарихи деректерге […]

DSC_0559
Иасауитану зерттеулері мен мәселелеріне арналған конференция

21 ақпан күні «Ясауи» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, философия және теология ғ.д., профессор Досай Тұрсынбайұлы Кенжетаевтың 50 жылдығына арналған «Иасауитану зерттеулері мен проблемалары» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Түркістан тарихи-мәдени этнографиялық орталықта профессор Д.Кенжетайдың шығармашылық кешінен басталған конференция жұмысы пленарлық, секциялық мәжілістерге жалғасты. Конференцияға Оқу әдістемелік ісі жөніндегі проректор Н.Ажиханов модераторлық жасады. Проректор Н.Ажиханов қазақ мұсылмандығының […]

250f1f82-d172-4451-9329-76f1ac9d8b96
Айтыстан олжалы оралды

Жуырда Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің 90-жылдық мерейтойы аясында «Менің пірім — Сүйінбай» атты жас ақындардың республикалық айтысы өтті. Айтыс додасына оқу ордамыздың Филология факультетінің Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттері Р.Досжанова, Е.Төлеутай, Ғ.Кәдірбай және жетекшісі «Қазақ филологиясы» кафедрасының ф.ғ.к., доценті Ә.Толысбаева арнайы қатысып қайтты. Қазылар алқасының төрағасы Жүрсін Ерман төрелік еткен айтыста жас […]