IMG_20170513_182745_928
Сауран Елеуов — Сырдың тұмса таланты

Жуырда Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінде ХҚТУ «Орындаушылық өнер» кафедрасының доценті, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, Ш.Қалдаяқов атындағы республикалық байқаудың тұңғыш лауреаты, композитор С.Елеуовтің шығармашылығына арналған «Сырдың тұмса таланты» атты ән байқауы өтті. Сондай-ақ, бұл байқау Елбасы Н.Ә.Назарбаевың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Таяу жылдардағы міндеттер» бөліміндегі Туған жер бағдарламасы негізінде ұйымдастырылды. Себебі, […]

Изображение 1783
Ұлт мәдениетін жаңғыртқан «Тұран дауысы»

17-мамыр күні, Ахмет Ясауи университеті, Мәдениет орталығының үлкен залында «Продюсерлік орталықтың» ұйымдастыруымен «Түркістан Түркі Әлемінің мәдени астанасы» құрметіне арналған оқу орданың оқытушы-профессорлар құрамы мен әкімшілік қызметкерлер арасында  «Тұран дауысы»  әншілер байқауы өтті. Байқау мақсаты —  оқытушы-профессорлар құрамы мен әкімшілік қызметкерлердің және шетелдік қызметкерлердің қазақтың әндеріне, өнерге деген құштарлығын арттыру; негізгі жұмыс пен бірге өнерді қоса […]

Рухани жаңғыру
«Рухани жаңғыру – ой сананың кемелденуі»

Рухани жаңғыру – қазақстандықтардың салт-санасы мен дүниетанымын өзгертетін қозғаушы күш. Елбасы Нұрcұлтан Назарбаевтың мақаласын оқып шығып, осындай ой түйдім. Оның айтуынша, бұл ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай, жаһандық жаңашылдыққа жетелейтін жол. Қазіргі қоғам көзқарасы қалыптасқан зерделі де, зерек тұлға тәрбиелеуі тиіс. Ол үшін ілім-білімге ұмтылып, жан-жақты жетілген жөн. Аймағымыздағы келер ұрпақтың алдындағы ардың ісін арқалап жүрген зиялы […]

318A0585
Түркі әлемі журналистері бас қосты

Бүгін, 12 мамыр күні Мәдениет орталығында «Түркістан — түркі әлемінің мәдени астанасы» шарасы аясында «Түркі әлемі және ақпараттық кеңістік» тақырыбында Халықаралық журналистер форумы өтті. Ғылыми жиынға Бельгия, Түркия, Қырғызстан, Әзербайжан, Башқұртстан, Өзбекстан, Татарстан мен басқа да түркі тілдес мемлекеттердің жетекші БАҚ басшылары мен журналистері қатысты. БАҚ өкілдері Оңтүстік облысының тарихи жерлерімен танысты. Қонақтардың бұл сапары […]

DSC_0703
Рухани жаңғыру – ұрпақ тәрбиесінен басталады

11 мамыр күні Ғылыми кітапхана мәжіліс залында «Болашақ ұрпақты эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеудің жаңа концепциясы» тақырыбындағы ғылыми жобаны талқылауға арналған кезекті мәжіліс өтті. Университеттің ғалымдарының бас қосқан отырыста, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарына үндес «Болашақ ұрпақты эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеудің жаңа концепциялары» атты ғылыми жобаның жоспары талқыланды. Қолға алынған ауқымды ғылыми жоба ұрпақ тәрбиесіне бағытталып […]

жаңғырту
Мәңгілік елдің алтын арқауы

Сейдулла Садықов, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, республика ЖОО үздік оқытушысы, Президент Жолдауларының үздік насихатшысы Рухани жаңғыру Мәңгілік елдің алтын арқауы Президент Н.Назарбаев жыл басындағы халыққа Жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жария етті. Осылайша, әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуға бағытталған айқын мақсат жолындағы қайта түлеудің айрықша маңызды […]

Копия DSC_0070
II Республикалық «Дінтану» пән олимпиадасы

Жуырда оқу ордамызда Гуманитарлық ғылымдар факультеті, «Дінтану» кафедрасының ұйымдастыруымен «Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасындағы II Республикалық «Дінтану» пән олимпиадасы» өтті. Олимпиада мақсаты — Дінтану және теология мамандықтарына бейімді талапкерлерді анықтау, олардың мамандыққа қызығушылығын арттыру, дін саласына ғылыми ізденушілігіне қызығушылығын арттыру. Сондай-ақ, оқушылардың «Зайырлық және Дінтану негіздері» пәнінің оқу бағдарламасын меңгеруі деңгейлерін анықтау және қорытындысы […]

DSC_1025
ХҚТУ Клиникасының медбикесі – Гран при иегері

11 мамыр күні Ахмет Ясауи университеті, Мәдениет орталығының үлкен залында 12 мамыр – Халықаралық мебдикелер күніне орай қалалық «Медбике – мерейлі мамандық» атты кәсіптік сайыс өтті. Байқауды ұйымдастырушы – ХҚТУ Клиника-диагностикалық орталығы және Түркістан медицина колледжі. Бұл сайыс медбике ісін реформалау бойынша емдік-профилактикалық мекемелер және медициналық білім беру, ұйымдастырушылық іс-әрекеттерді біріктіруге мүмкіндік береді. Сайыс мақсаты […]

IMG_9903
Ең үздік жас қаламгерлер анықталды

3 мамыр күні, Ғылыми кітапхана конференц-залында ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері, академик, публицист-жазушы, әдебиеттанушы Рахманқұл Бердібайдың 90 жылдығына арналған «Ғылым жолына нәр берген ғұлама ғалым» атты әдеби кеш өтті. Кештің ашылу салтанатында Қазылар алқасының мүшелері, «Қазақ филологиясы және журналистика» кафедрасының доценттері Ж.Камалқызы, С.Ергөбек, профессор Б.Сердәлі сөз сөйлеп, студенттерге сәттілік тіледі. Ғылыми мектеп қалыптастырған ғалымның ізбасар-шәкірті, […]

IMG_0072
Бабалар рухын арқалаған басылым

Бүгін, 4 мамыр күні Түркістан қаласындағы Түрік тілдес халықтар кітапханасында әдеби-танымдық «Сарасөз» журналының тұсаукесер рәсімі өтті. Жаңа журналдың тұсаукесер лентасын Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ғ.Рысбеков, ҚР-ның Халық әртісі, профессор Қ.Бекбосынов қиып, басылым редакторына игі тілектерін жеткізді. Журналдың сүйінші нөмірі сәуір айында 2000 данаман жарық көрген болатын. Шараға келген қонақтар арасында, әдебиет сыншысы, профессор Қ.Ергөбек, ҚР […]