20170607_120754
Латын әліпбиінің жобасы қаралды

7 маусым күні, Ахмет Ясауи университетінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім департаментінің №14-5/601 санды 11.05.2017 жылғы хатына сәйкес ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы бойынша құрылған Жобалар кеңесінің кезекті семинар-отырысы өтті. Жобалар кеңесінің сараптамалық топ құрамы латын әліпбиінің жобасын жасау бойынша атқарылатын жұмыстарды талқылап, зерттелетін жұмыстарды айқындады. […]

Изображение 060
Түркістанға тұмар болған фестиваль

6 маусым күні «Түркістан — Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында, Ахмет Ясауи университеті Мәдениет орталығы ғимаратының алдында «Ортеке» V Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Шара мақсаты – кәсіби қуыршақ өнерін насихаттау, осы саладағы халықаралық байланыстарды дамыту, әртістердің кәсіби шеберлігін арттыру, еліміздегі қуыршақ өнерін дамытуға ықпал ету. Мәдени шараға облыстық Мәдениет басқармасының басшысы […]

020617-6
Шымкент медицина институтында «саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» тақырыбында іс – шара өтті

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланған, елімізде жыл сайын осы күні саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған іс-шаралар өткізілуде. Осы аталған күнге орай 2017 жылы 25 мамыр күні Шымкент медицина институтының жатақханасында жастар комитетінің тәрбие жоспар негізінде «Терапия» кафедрасының ұйтқы болуымен «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» тақырыбында студент-интерндердің қатысуымен іс-шара ұйымдастырылды. Аталған […]

020617-1
Кітапханашы «Поэзия және әдебиет фестиваліне» қатысып қайтты

Жуырда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті Кеңесінің қолдау көрсетуімен Шымкент медицина институтының кітапханашысы Тукенова Роза Сәтқызы Түркия мемлекетінің Самсун, Бафра қалаларында, Бафра музыка ассоциациясы мен әдебиет және поэзия клубының ұйымдастыруымен өткен Нейзен Тефик Колайлы атындағы 6-шы Халықаралық «Поэзия және әдебиет фестиваліне» кітапханашылардың атынан тәжірибе алмасып, Халықаралық деңгейде біліктілігін арттыру мақсатында барып қайтты. […]

001
Cапалы білім беру бағдарламаларының саны артты

2016-2017 оқу жылында 10 білім беру бағдарламасы мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтті. Нәтижесінде, 2017 жылдың 27-мамырында агенттіктің Астана қаласындағы Аккредиттеу Кеңесі университеттің 10 білім беру бағдарламасын 5 жылға аккредиттеу туралы оң шешім қабылдады. Білім беру бағдарламаларының аккредиттелуі мамандықтар бойынша білім беру сапасының жоғары екендігін растайды. Университет ұжымының аккредиттеу шарасына дайындық үдерісі барысындағы қажырлы еңбегі, тапсырылған іс-шараларды […]

IMG_1328
Ғылыми-техникалық кеңес мәжілісі

1 маусым күні Ахмет Ясауи университеті Мәдениет орталығының кіші залында №3 Ғылыми-техникалық кеңес мәжілісі өтті. Мәжіліске Ғылым және инновация ісі жөніндегі вице-президент Т.Раимбердиев, Даму және қаржыландыру ісі жөніндегі вице-президент М.Эрен, ғылыми-техникалық кеңес мүшелері, күн тәртібіне қатысты құрылымдық бөлім басшылары қатысты. Ғылыми техникалық кеңес мүшелері күн тәртібіне қатысты мәселелерді қарады. Ғылым және инновация департаментінің директоры А.Балтабаева […]

IMG_8730
«Туған жер» идеясы және ХҚТУ Ботаникалық бағы

Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «…қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады»,-деп айтқан болатын өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында. Туған жер әрбір адамзаттың […]

statis3
Әлемдік рейтингте — тағы да біздің университетіміз!

Аккредитация және рейтинг орталығы жыл сайын қызметкерлер арасындағы мотивацияны арттыруға ықпал ету мақсатында университетіміздің барлық оқытушылары, кафедралары, факультеттері арасында ip.edu.ayu.kz сайты арқылы ішкі рейтинг ұйымдастырып келеді. Сонымен қатар, оқу орнымыз Қазақстан бойынша 3 түрлі агенттік арқылы рейтингке қатысуда: 1. «Білім сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі» (БСҚА-НКАОКО); 2. Аккредиттеу және рейтингілеу тәуелсіз агенттігі (АРТА-НААР); 3. Республикалық […]

ясир ращид
Ясир Рашид: Ынтымақ пен бейбітшілікті сақтап қалу – нағыз жеңіс!

ХҚТУ Әлеуметтік ғылымдар факультеті, Халықаралық қатынастар мамандығының студенті Ясир Рашидтің жуырда Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мерекелік ХХ сессиясында сөйлеген сөзінен: «Біз күн сайын кешке Аллаға сиынып, жанымызды шүберекке түйіп жатамыз. «Ертеңгі күнді көреміз бе, жоқ па» деген үрей маза бермейді. Таң шуағын көрген сайын басымыздың амандығына қуанып, шүкіршілік етеміз. Өйткені, біздің елде қай […]

DSC_1249
Ғұлама Халифа Алтай мұрасы дәріптелді

23 мамыр күні Ахмет Ясауи университетінде «Ер Жәнібек» Халықаралық қоғамдық қорының қолдауымен ғұлама ғалым, діни ағартушы қайраткер Халифа Алтай Ғақыпұлының 100 мерейтойына орай «Халифа Алтай исламның көрнекті ғұламасы» атты танымдық конференция өтті. Дін қайраткері Халифа Алтай — Ислам дінінің таралуына баға жетпес еңбек сіңірген, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, «Түрік әлемінің ғұламасы». Биыл ұлт зиялысының […]