еркибаева гульфайруз1
А.Нобель медалі берілді

Ресей Жаратылыстану Академиясының Президиумы шешімімен университетіміздің профессоры Г.Еркібаеваға А.Нобель атындағы медаль тапсырылды. Аталған медаль педогогика ғылымдарының докторы, профессор Г.Еркибаеваға ғылымға қосқан сүбелі үлесі үшін беріліп отыр. Ғалымның есімі оқу орынында жемісті еңбек атқарып келе жатқан тұлға ретінде жақсы таныс. Қазіргі таңда әдістемелік бөлімді басқарып отырған Гүлфайруз Еркібаеваның ғылыми-әдістемелік бағыттағы еңбектері қолданысқа енген педагог ретінде де […]

IMG_2467
Мәні зор семинар

23 маусым күні Ахмет Ясауи университеті Мәдениет орталығының кіші залында «Ғылым қоры» акционерлік қоғамының басшылары университет ғалымдарымен кездесіп, семинар өткізді. Ғылым және инновация департаменті ұйымдастырып отырған кездесудің негізгі мақсаты «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру» конкурсының құжаттамаларын түсіндіру болатын. Семинарға университет вице-президенті Т.Раимбердиев және оқытушы-профессорлар қатысты. «Ғылым қоры» акционерлік қоғамының Жобалау дирекциясының […]

IMG_2476
Дәстүрлі дінді дәріптеген еңбек

Бүгін, 23 маусым күні Ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен дінтанушы-ғалым З.Жандарбектің «Қазақтың дәстүрлі дінінің негіздері» аталатын кітабының тұсаукесері өтті. Қазақтың дәстүрлі дінін ғылыми негізде түсіндіруге арналған еңбектің тұсаукесеріне университет вице-президенті, профессор Б.Мұхамеджанов және қаланың ақсақалдары мен ұстаздар және студенттер қатысты. Кітапшада қазіргі күнге дейін жауабы әлі толық табылмай келе жатқан «Қазақтың дәстүрлі діні қайсы?» деген мәселе қарастырылған. […]

DSC_2226
Түлектерге диплом тапсырылды

21 маусым күні Ахмет Ясауи университеті Мәдениет орталығында 2017 жылғы бітіруші түлектерге диплом тапсыру рәсімі өтті. Университет ректоры профессор У.С.Әбдібеков және І Вице-президент профессор М.Куталмыш шараны құттықтау сөздермен ашып, бітірушілерге ақ жолтай тілектерін жеткізді. Салтанатты кеште бітіруші түлектердің ата-аналары атынан Әлем жазушылар Одағының мүшесі, ақын, корреспондент М.Амантаева, білім берген оқытушы-профессор құрамына алғыс айта отырып, барлық […]

IMG-20170619-WA0002
Әлем ғалымдары Астанада бас қосуда

Бүгін 19 маусым күні Астана қаласында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында «Болашақтың энергиясы: инновациялық сценарийлер және оларды жүзеге асыру әдістері» атты дүниежүзілік конгресс өз жұмысын бастады. Инженерлер мен ғалымдардың WSEC-2017 дүниежүзілік конгресіне әлемнің 50 елінен 300-ге жуық шетелдік ғалымдар қатысып, баяндама жасауда. Олардың ішінде Нобель сыйлығының иегерлері де бар. Әйгілі ғалымдардың бірі Тушия (Италия) Университетінің профессоры, […]

IMG_1943
Межелі мәселелер қаралды

Бүгін, 16 маусым күні Ахмет Ясауи университеті Мәдениет Орталығының кіші залында кезекті №6 Сенат мәжілісі өтті. Мәжіліске Сенат мүшелері, кафедра меңгерушілері, құрылымдық бөлім басшылары, қызметкерлер қатысты. Мәжіліс басталмас бұрын, университет президенті профессор У.С.Әбдібеков және І вице-президент профессор М.Куталмыш, Мәдениет орталығының директоры Г.Зияйдинқызын 60 жасқа, «Ағылшын тілі» кафедрасының меңгерушісі Қ.У.Байымбетұлын 63 жасқа, «Қазақ филологиясы және журналистика» […]

DSC_1922
Ғылыми жұмыстардың есебі тыңдалды

Жуырда университет факультеттерінің декандары Ғылыми-техникалық кеңестің кеңейтілген мәжілісінде есеп берді. Биылғы оқу жылына жоспарланған ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша факультет декандары 12-14 маусым аралығында атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Ғылыми және инновациялық істер жөніндегі вице-президент техн.ғ.д., профессор Т.П.Раимбердиевтің төрағалығымен және кеңес мүшелерінің қатысуымен Инженерия, Жаратылыстану, Өнер, Филология, Әлеуметтік ғылымдар, Гуманитарлық ғылымдар мен Медицина факультеттерінің 2016-2017 оқу жылындағы атқарылған […]

naar
ЖОО білім беру бағдарламалары және оқытушылары ҚР бойынша алғашқы үздіктер қатарында!

Жақында «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» коммерциялық емес мекемесі (НААР) ұйымдастырған 2017 жылғы рейтинг нәтижелері жарияланды. Аталған рейтингке қатысуға еліміздің 14 аймағынан 80 ЖОО құжат тапсырып, нәтижесінде 59 ЖОО ғана қатысу мүмкіндігіне ие болды. Аталған агенттік төмендегі 3 бағыт бойынша рейтинг нәтижелерін жариялады: Бакалавриат-магистратура-докторантура білім беру бағдарламалары рейтингі (үздік үштіктер) Маман дайындау бағыттары бойынша институционалды […]

1497335142593f856619e9b
ӨКІЛЕТТІ КЕҢЕСТЕ ҚОНАҚТА БОЛДЫ

Жуырда Түркістан қаласы әкімі бір топ делегациямен Түркияға барды. Іс-сапар барысында қонақтар Ахмет Ясауи университетінің Өкілетті Кеңес төрағасы Мұса Йылдыздың қабылдауында болды. Сапар мақсаты – қос ел арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ортақ мәдениетті қалыптастыра отырып, әдеби, рухани құндылықтарды дәріптеу көзделген. Түркістан қаласы әкімі Ә.Өсербаев, қалалық мәслихат хатшысы Ғ.Сәрсенбаев, қалалық «Ақсақалдар алқасының» төрағасы Ж.Әзіретбергенұлы, қалалық мәдениет және […]

1406-001
Шымкент медицина институтында «Жетім көрсең жебей жүр»-тақырыбында тәрбиелік іс – шарасы өтті.

2017 жылдың 9 маусым күні Шымкент медицина институтының «Неврология, психиатрия және наркология» кафедрасымен Жастар комитетінің төрағасы бірлесіп «Жетім көрсең жебей жүр» тақырыбында Шымкент қаласындағы балалар үйінде тәрбиелік іс – шарасы өткізді. Жетімдіктің қасіреті мен қайғысын сезіне. өзінің кім екенін, әке-шешесінің әсіресе, жеті атасын білмей өмір сүру қандай қиын? Қазақ ертеден «Жетім көрсең жебей жүр» деген […]