medicine-1-300x200
2016-2017 оқу жылындағы бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру бағыты бойынша өтетін «Бос орындар жәрмеңкесіне» алдын-ала үгіт-насихат іс-шара жұмыстары өтті

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент медицина институтында 2016-2017 оқу жылындағы бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру мақсатында 2017 жылдың 20-сәуір күні өткізілгелі отырған «Бос орындар жәрмеңкесіне» ағымдағы 2017-жылдың 7-сәуір күні алдын-ала үгіт-насихат жасау жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға Оңтүстік Қазақстан облысының емдеу мекемелерінен жалпы саны 82 жұмыс беруші қатысты, соның ішінде Оңтүстік Қазақстан Облыстық Денсаулық сақтау […]

318A7251
Бос орындар жәрмеңкесі

Бүгін 7 сәуір күні Ахмет Ясауи университетінде «Жұмысқа орналастыру орталығының» ұйымдастыруымен бітіруші курс білім алушыларына арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге 40-қа жуық жұмыс беруші кәсіпорын, мекеме, ұйымдар мен басқарма басшыларының өкілдері қатысып, бітіруші түлектермен кездесті. Жәрмеңкеде, жас түлектерге кеңестер жүргізіліп, бос жұмыс орындары туралы мәлімет ұсынылды. Жұмыс берушілердің сұранысы бойынша ағылшын, орыс тілдері, […]

07-04
Жаратылыстану факультеті «Ел боламын десең, бесігіңді түзе тақырыбында» іс-шара өткізді

Жаратылыстану факультетінің Биология кафедрасында 5В011300-Биология мамандығы ЖБЛ-511, ЖБЛ-511F топтарының эдвайзері А.Сейтметованың ұйымдастыруымен 2017 жылдың сәуір айының 5-ші жұлдызында «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» атты ашық тәрбие сағаты факультет деңгейінде өткізілді. Ұрпақ болашағы — бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның, халықтың, тұтас бір ұлттың бүгінін ертеңмен жалғайтын алтын көпір, асыл мұрат. Әр отбасында дүниеге келген сәби, […]

006-04
Түркі елдерінің ғалымдары бас қосты

Жуырда Алматы қаласында, ХҚТУ Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен «Түркі мемлекеттеріндегі діни білім берудің теориясы мен практикасы» атты халықаралық семинар-практикум өтті. Шараға түркі елдерінен келген ғалымдар қатысты. Семинар-практикумда түркі мемлекеттерінің жоғары оқу орындарындағы діни білім берудің теориясы мен методологиясы бойынша баяндамалар жасалып, осы елдердегі дінтанушы мамандар дайындаудың бүгінгі тәжірибесі мен перспективасы талқыланды. Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры […]

06-04
Пән олимпиадасынан жүлделі оралды

Жуырда Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінде 5В010400- «Бастапқы әскери дайындық» мамандығы бойынша ҚР Жоғары оқу орындары студенттерінің ІХ Республикалық пәндік олимпиадасы өтті. Пәндік олимпиадаға Өнер факультетінің 5В010400- «Бастапқы әскери дайындық» мамандығының білімгерлері қатысып, жоғары деңгейде білімдерін көрсетті. Олимпиада нәтижесі бойынша 3-курс білімгерлері, Н.Есентаев, Б.Тәліпов және 2-ші курс білімгері Р.Абдулла «Әскери спорттық эстафета» сайысынан І-ші орынға, […]

IMG_7181
Оқу залындағы библиографиялық шолу

5 сәуір күні ХҚТУ Ғылыми кітапханасы, «Жалпы бөлім» оқу залының ұйытқы болуымен «Қожа Ахмет Ясауи атындағы оқу залының» ашылуына байланысты библиографиялық шолу ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – «Қ.А.Ясауи атындағы оқу залына» қойылған кітаптармен таныстыру. Шарада вице-президент, профессор М.Эрен, Түркістан қалалық білім бөлімінің оқу әдіскері А.Ақжанов, «Дінтану» кафедрасының т.ғ.к., доценті З.Жандарбек, Түркология ҒЗИ директоры С.Дағыстан сөз […]

IMG_7224
Ғылыми семинар өтті

5 сәуір күні Ғылыми кітапхана конференц-залында «Темірқазық» студенттер клубының ұйымдастыруымен «Рух-аруақ туралы дін не дейді? Ғылым не дейді?» атты семинар өтті. Шараны «Дінтану» кафедрасының т.ғ.к., доценті, «Темірқазық» клубының жетекшісі З.Жандарбек ашып, ғылыми дәрісті жүргізуші, техн.ғ.д., профессор Ә.М.Әшіровты таныстырды. 53 патент және автор куәліктерінің иесі Ә.М.Әшіровтың ғылыми жұмыстарының нәтижелері Шымкент май комбинатында, Шымкент және Әндіжан гидролиз […]

DSC_0470
Арманға биік қол созсаң…

4 сәуір күні Ахмет Ясауи университеті, Мәдениет орталығының үлкен залында Жастар орталығының ұйымдастыруымен «Армандар алдамайды» атты қайырымдылық шара өтті. Ұйымдастыру және тәрбие істері жөніндегі вице-президент, профессор Б.Мухамеджанов, Даму және қаржыландыру жөніндегі вице-президент, профессор М.Эрен сөз сөйлеп, жастарды мейірімді, иманды болуға шақырып, ыстық лебіздерін, алғыстарын жеткізді. Ал, бойлары қайсарлық пен қажырлыққа толы жарымжан жастарға үкілі үміттерінің […]

Эмблема
Жанашыр жастар жарады!

4 сәуір күні Ахмет Ясауи университетінің №2 ғимараты алдында «Қол ұшын соз» жобасының ашылу салтанаты өтті. Халықаралық ғылыми жобалар орталығының, Әлеуметтік ғылымдар факультеті, «Халықаралық қатынастар» клубының (IKTU International Relations Club) ұйымдастыруымен өткен жобаның мақсаты – әл-ауқаты төмен отбасылардың әлеуметтік жағдайына қол ұшын созып, жәрдем беру. Даму және қаржыландыру жөніндегі вице-президент, профессор М.Эрен, «Әлеуметтік ғылымдар» факультетінің […]