Қайырымды жастардың жан жылуы
Қайырымды жастардың жан жылуы

22 қараша күні Мәдениет орталығында Әлеуметтік ғылымдар факультеті және Продюсерлік орталықтың ұйымдастыруымен «Ұлт өнері – рух азығы» атты қайырымдылық кеш өтті. «Күй мейірімін» күмбірлеткен – Әлеуметтік ғылымдар факультетінің ЭЭМ-511 тобының студенті, талантты жас Қасымбек Нұрдәулеттің он шақты шерткен күйлері көрермен көңілінен жол тапты. Сондай-ақ, концертке университет өнерпаздары да атсалысып, халық билерін билеп, әндер айтты. Кеш […]

IMG_7895
МАЗМҰНЫ ТЕРЕҢ СЕМИНАР

Бүгін, 22 қараша күні Түркология ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен «Алтай көне түріктерінің тұрмыс-салтының сипаты» тақырыбында профессор Т.Еңсегенұлы семинар өткізді. Семинарға филология факультетінің магистрант және докторанттары қатысып, профессордан көне түріктер мәдениеті мен адамзат тарихында мәдениеттің қалыптасу тарихы төңірегінде мазмұнды деректер тыңдады. Сондай-ақ, көне түрік жазбасы — руна жазуының қалыптасуы, Алтай тауы бойындағы көне түріктердің мәдениетінен бүгінге жеткен […]

IMG_7873
Рухты оятқан рухты шығарма

22 қараша күні Ғылыми кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап» Республикалық акция аясында ақын, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыровқа арналған «Рухты оятқан рухты шығарма» атты әдеби кеш өтті. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Бір ел — бір кітап» акциясы қорытындысында бір ауыздан «Алашорда мемлекетінің 100 жылдығына» орай «Жыл кітабы – 2017» таңдауына ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын […]

Студенттік конференция жалғасуда!
Студенттік конференция жалғасуда!

Өздеріңізге белгілі, 2017 жылдың қараша айының 20 жұлдызы мен желтоқсан айының 12 жұлдызы аралығында университетімізде студенттік ғылым күндері болып жарияланды. Жалпы 8 факультет бойынша 26 секция жұмыс жасап жатыр. Осыған орай, студенттердің кезекті XXVІ ғылыми-теориялық конференциясының секциялық мәжілістері жүргізілуде. Студенттеріміздің белсенділігі, қызығушылықтары күннен күнге артып келеді. Сіздерді осы секциялық мәжілістерге қатысуға шақырамыз! Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары […]

23559827_542666586081600_872710179395136359_n
Додада дараланған дүлдүл

Университетіміздің талантты студенті, жас ақын Нұрбек Кеңесбай оқу орын атын танытып, үлкен жеңіске қол жеткізді. Жуырда Алматы қаласы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен ЖОО студенттері арасында жас ақындар мен жазушылар және журналистер арасында «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп…» тақырыбында жыр мүшәйрасы өткен болатын. Айтулы додаға университетіміздің үмітін арқалаған Нұрбек арнайы қатысып бағын сынаған еді. Кілең болашағынан […]

IMG_7793
Жас ғалымдар семинары

2017 жылғы 20.11-07.12 мерзім аралығында университеттің ғылыми атағы бар жас ғалымдарының (40 жасқа дейінгі) ашық ғылыми семинарының тыңдалымы өткізілуде. Ғылыми семинарда жас ғалымдардың диссертациялық зерттеу нәтижелері негізіндегі инновациялық тұжырымдарын қолдану кеңістігі мен зерттеу нәтижелерінің бүгінгі заман талабы форматындағы интеграциялық жағдайы, қажеттілігі баяндалады. Қатысамын деушілерге есік ашық. Ескерту: ғылыми семинарлар Мәдениет орталығының Кіші залында немесе Ректораттың […]

Тіс күтімі – денсаулықтың кепілі
Тіс күтімі – денсаулықтың кепілі

14-17 қараша күндері аралығында Стоматология факультетінің «Dental way» клубының студенттері «Ауыз қуысының гигиенасын қалай дұрыс сақтау керек?» тақырыбындағы сауықтыру іс- шараларын Түркістан қаласындағы «Ақжелкен», «Қамар апа» балабақшаларында және «№15 М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясында» өткізді. Студенттер балаларға тістің қалай дамитыны туралы айтып, тістерді қалай дұрыс тазалау керектігін үйретті. Күніне 2рет тісті тазалау және жылына 2 рет тіс […]

IMG_7694
Халықаралық студенттер күні аталып өтті

17 қараша күні Ахмет Ясауи университеті Мәдениет орталығында Тәрбие және мәдени істер департаменті және Продюсерлік орталықтың ұйымдастыруымен Халықаралық студенттер күніне арналған «Студенттер жандарсыңдар ең бақытты!» атты мерекелік кеш өтті. Кешті университет Тәрбие және ұйымдастыру ісі жөніндегі вице-президент Б.Мұхамеджанов және Даму және қаржыландыру ісі жөніндегі вице-президент М.Эрен жастарды Халықаралық студенттер күнімен құттықтап, білім жолында табыс тіледі. […]

3 (5)
Ашхабадта Халықаралық білім көрмесі өтті

2017 жылдың 13-14 қараша күндері Түркменстанның Ашхабад қаласында «Қазақстандық білім беру күні» көрмесі өткізілді. Оның жұмысына Еліміздің көптеген жоғары оқу орындары қатысты. Олардың ішінде Назарбаев университеті, Сүлеймен Демирел университеті, Еуразия ұлттық университеті т.б жоғары оқу орындары бар. Көрменің негізгі мақсаты – ғылым, білім және инновациялық технология саласындағы жетекші білім мекемелері арасындағы іскерлік қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған. […]

DSC_6839
Жастар – рухани жаңғырудың жаршысы

17 қараша күні ХҚТУ Мәдениет орталығында Түркістан қалалық әкімдігі мен Түркістан Медицина колледжінің ұйымдастыруымен «Жастар – рухани жаңғырудың жаршысы» атты қалалық жастар форумы өтті. Елбасы Н.Ә.Назарбавтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шара жоғары деңгейде, патриоттық сарында өткізілді. Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаев жастарды Халықаралық студенттер күнімен құттықтап, бір топ белсенді жастарды Алғыс […]