29.12
Межесі биік мәжіліс

Бүгін, 28 желтоқсан күні Ахмет Ясауи университеті Мәдениет Орталығының кіші залында №3 Сенат мәжілісі өтті. Мәжіліске Сенат мүшелері, кафедра меңгерушілері, құрылымдық бөлім басшылары мен күн тәртібіне қатысы бар қызметкерлер қатысты. Оқу-әдістемелік ісі жөніндегі вице-президент Б.Ахметов, I вице-президент М.Куталмыш ұжымды Жаңа жылмен құттықтап, игі тілектерін білдірді. 2016 жылды қорытындылайтын Сенат дәстүрлі марапаттаудан басталды. Қазақстан Республикасының Денсаулық […]

28.12
Бүлдіршіндер қуанышы

Бүгін, 27 желтоқсан күні, Ахмет Ясауи университеті, Мәдениет орталығында оқытушы-профессорлар мен қызметкерлердің балаларына, немерелеріне арналған жаңа жылдық балалар шыршасы өтті. Мешін жылын шығарып салып отырған университет ұжымы тауық жылын аса қуанышты көңіл күймен қарсы алуда. Дәстүрлі түрде кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен университеттің әрбір қызметкерінің балаларына алдын-ала жеңілдетілген бағада тәтті сыйлықтар үлестірілді. Сондай-ақ, жасыл шырша безендіріліп, балаларға […]

23-122
Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан, ел бақытын тербеткен Тәуелсіздік!

Бабадан арман болған, атадан аманатқа қалған Тәуелсіздігімізге биыл мінекейін ширек ғасыр толуда. Ұлы отанымыз Қазақстанға 25 жыл! 2016 жылдың ең басты мейрамдарының бірі еліміздің әрбір аймағында, әрбір мекемесінде аталып өтуде десек қателеспеспіз. Солардың бірі болып Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина факультетінің «Адам морфологиясы және физиологиясы» кафедрасының ұйымдастыруымен желтоқсанның 13-ші жұлдызында өткен «Ар […]

190117-2
Ұлы бабамыздың ізгі жолы тақырыбында іс-шара өтті

Биыл еліміз Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойын қарсы алғалы жатыр. Юнеско тарапынан да Қазақстан үшін үш тарихи құбылыс әлемдік бағдарламалар аясында насихатталуда.  Соның бірі  Қожа Ахмет Ясауидің дүниеден өткеніне 850 жыл толуы. Осы тарихи датаға Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент Медицина Институтының «Жұқпалы аурулар және фтизиатрия» кафедрасы да өз үлесін қосып, 2016 жылы […]

25dec
Тәуелсіздік – ел бақыты!

15 желтоқсан күні, Ахмет Ясауи университеті, Мәдениет орталығының үлкен залында Тәрбие және мәдени істер департаменті, «Продюсерлік орталықтың» ұйымдастыруымен 16 Желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай, «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік шара өтті. Шара шымылдығы «Орындаушылық өнер» кафедрасы, актерлық мамандығының студенттері қойған «Желтоқсан жастары» көрінісімен ашылды. Бұл театрландырылған көріністе Тәуелсіздік бастауы – ызғарлы желтоқсан, өзекті өртер […]

21j2
Springer Nature семинар-тренингі

21 желтоқсан күні, Ахмет Ясауи университеті, Мәдениет орталығының кіші залында Ғылым және инновация департаменті Springer Nature ірі халықаралық баспа бойынша тіркелу және қолдану алгоритмі жайында семинар-тренинг өткізді. Семинарды Ғылым және инновация департаментінің директоры А.Балтабаева ашып, маңыздылығын түсіньдірді. Семинарға оқытушы-профессорлар құрамы, Phd-докторанттар және магистранттар қатысты. Халықаралық ғылыми жобалар орталығының маманы Г.Камалова жүргізген семинар барысында Springer ресурстарының […]

elimnin1
Елімнің бақытын тербеткен — Тәуелсіздік

Желтоқсан айының 10 жұлдызында оқу ордамыз Халықаралық қазақ-түрік университетінің, медицина фаультеті, пропедевтика және ішкі аурулар кафедрасы және тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасарының ұйымдастыруымен, Түркістан қаласында орналасқан білім ордасы №22 мектепте қайырымдылық акциясы және факультет белсенділерінен құралған Medical TokenS клуб мүшелерінің дайындаған «Елімнің бақытын тербеткен — Тәуелсіздік» атты іс-шарасы өтті. Іс-шараға ұйытқы болған кафедра меңгерушісі м.ғ.к.,доцент […]

konak1
«Яссы» қонақ үйінде кешкі ас ұйымдастырылды

2016-2017 оқу жылының күзгі семестріне «Визитинг-профессор» бағдарламасы аясында университетімізде түрлі салалар бойынша оқып жатқан студенттеріміздің білімін жетілдіру мақсатында семинар, дәріс беруге шетелдердің ЖОО-нан арнайы шақыртылған профессорлардың құрметіне Қожа Ахмет Ясауи ректораты атынан вице-президенттердің қатысуымен 11.12.2016ж күні «Яссы» қонақ үйінде кешкі ас ұйымдастырылды. Мехмет Куталмыш — 1-вице-президент; Ахметов Берік — Оқу-әдістемелік ісі жөніндегі вице-президент; Мұстафа Ерен- […]

kentauis
Атажұртты аңсап келген…

Таяуда Кентау институты, Дайындық факультетінде ҚР Тәуелсіздігінің және оқу ордамыздың 25-жылдығына орай, «Армысың, Арман далам, Атажұртым» атты мерекелік концерттік бағдарлама өтті. Шараның ашылу салтанатында Кентау институтының директоры К.М.Беркімбаев, Дайындық факультетінің деканы Ахмет Гүнгөр, Тәрбие және мәдени істер департаментінің директоры Л.Есентаева, Жастар орталығының басшысы А.Исмайлов құттықтау сөздерін жеткізіп, тыңдаушыларға игі тілектерін білдірді. Білім алушылар «Сайра бұлбұлым», […]

3911
Азаттығым-ғажап күнім

Бүгін, 9 желтоқсан күні Ел Тәуелсіздігіне және Ахмет Ясауи университетінің 25 жылдығына орай, университеттің Ғылыми кітапханасында «Азаттығым-ғажап күнім» атты мүшәйра өтті. Мүшәраның өтуіне Ғылыми кітапхана және «Руханият» студенттер клубы мұрындық болып отыр. Шара мақсаты- жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, жас талантты ақындарды тану, бірлік пен ынтымақтастықты насихаттау. Мүшәйраға университет студенттері қатысып, бағын сынады. Байқау екі кезең бойынша […]