IMG_7777
Этникалық бірегейлік сараланды

17 сәуір күні Ғылыми кітапхана конференц-залында «Темірқазық» студенттер клубының ұйымдастыруымен «Діни үдерістер мен халықтардың этникалық жіктелуі арасындағы сабақтастық» атты семинар өтті. Семинарға вице-президент, профессор Б.Мухамеджанов, студенттер, қаламыздағы өзбек диаспорасының өкілдері қатысты. Шараны «Темірқазық» клубының жетекшісі, «Дінтану» кафедрасының т.ғ.к., доценті З.Жандарбек жүргізді. Семинар қонағы — Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Ж.Артықбаев маңызды этнографиялық мәліметтер туралы […]

20170412_111550
Жаратылыстану факультетінің студенттері форумға қатысып, жоғары деңгейдегі білімдерін көрсетті

Сәуір айының 11-12 күндері Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «ЖАСЫЛ КӨПІР ҰРПАҚТАН-ҰРПАҚҚА» VI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ФОРУМЫ өтті. VI Халықаралық студенттік форумға Жаратылыстану факультетінің 1, 2 курс 5В060800 «Экология», 5В073100 «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандықтарының студенттері қатысып, жоғары деңгейдегі білімдерін көрсетті. «ЖАСЫЛ» ЭКОНОМИКАҒА ӨТУ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ атты 1-панельді отырыс нәтижесі […]

318A9619
Ахмет Ясауи университеті 100 ГРАНТ үлестірді

Бүгін, 14 сәуір күні Ахмет Ясауи университетінде IV Республикалық «Ясауи» пәндік олимпиада қорытындысы жарияланды. Республикалық олимпиадаға еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан 11-сыныптың 7 мыңға жуық оқушысы қатысты. Жасөспірімдер 11 пән бойынша білімдерін сарапқа салып, тек үздіктері жеңіске жетті. Марапаттау рәсімінде университет ректоры, профессор У.Әбдібеков және университеттің Даму және қаржыландыру жөніндегі вице-президенті М.Эрен жеңімпаздарға […]

318A9239
Университет аруы-2017

13 сәуір күні Ахмет Ясауи университеті Мәдениет орталығында «Жастар орталығы» және «Продюсерлік орталықтың» ұйымдастыруымен «Университет аруы-2017» қыз сыны байқауы өтті. «Шолпы» қыздар клубының дәстүрлі байқауына 50-ге жуық ниет білдірген арулар ішінен 12-сі іріктеуден өтіп, 4 кезең бойынша бақ сынады: Таныстыру, Өз өнерін көрсету, Интеллектуалды сұрақ (Түркістан қаласының тарихы туралы), Сән көйлектерін көрсету. Сайысқа әділ қазылар […]

2017-04-13-PHOTO-00000293 - копия
Жатақханадағы думанды той

12 сәуір күні оқу ордамыздың №5 Медицина жатақханасында Наурыз мерекесі аталып өтті. Жатақхана ұжымы, студенттері ақ дастархан жайып, қазақы қонақжайлық танытты. Студенттер бұл мерекені асыға күткендей тамаша концерттік бағдарлама қойып, керемет өнерлерін паш етті. Бұл шараның өзгелерден ерекшелігі, ұлттық нақышта киінген жүргізушілер Елнұр мен Асылзат қос ақ боз атпен шығып жиналған қауымның назарын бірден өздеріне […]

IMG_7632
Волейболдан республикалық чемпионат басталды

Бүгін, 13 сәуір күні ХҚТУ және ҚР Волейбол федерациясының ұйымдастыруымен «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кубогы» жүлдесі үшін волейбол спорт түрінен 1999-2000 ж.ж. туылған жасөспірімдер арасындағы ҚР көктемгі чемпионатыны ң ашылу салтанаты өтті. Б.Саттарханов атындағы ойын залында өткен чемпионат мақсаты – оқу ордамызда және түркі тілдес мемлекеттерде волейбол спортының кеңінен танылуына үлес қосу, […]

DSC_0461
Құт қонған кітапхана

12 сәуір күні Ғылыми кітапхана ұжымы Ұлыстың ұлы күнін атап өтті. Ұлттық киім киген арулар қарсы алған кітапхана фойесінен нағыз мерекелік қуаныштың лебі сезілді. Кітапхана ұжымы Наурыз мерекесін ауызбіршілікпен тойлауды берік дәстүрге айналдырған. Еңбек ұжымы биылғы Наурыз мейрамына да жақсы дайындықпен келгендерін көрсетті. І вице-президент, профессор М.Куталмыш ұжымды, қонақтарды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ, […]

318A8334
Теңбіл доп додасы

Жуырда, ТҮРКСОЙ-дың Түркістанды 2017 жылғы Түркі әлемінің мәдени астанасы деп жариялауына орай ХҚТУ «Ясауи» футбол федерациясының мұрындық болуымен футболдан факультетаралық біріншіліктер өтті. Оқу орнының студенттерінен жасақталған 9 құрама команда 14.01.-31.03.2017 ж. мерзім аралығында өзара бақ сынасты. Жастардың салауатты өмір салтын дұрыс ұстануына бағытталған іске, университеттің Өкілетті Кеңесі қаржы бөліп, ойыншыларға спорттық үлгідегі бірегей киім берілген […]

318A8332
Инженерия факультеті топ жарды

ХҚТУ «Спорт клубының» ұйымдастыруымен, ТҮРКСОЙ-дың Түркістанды 2017 жылғы Түркі әлемінің мәдени астанасы деп жариялауына орай, 27.03-11.04 мерзім аралығында спорттың 15 түрі бойынша дәстүрлі факультетаралық спартакиада өтті. Спартакиаданың жабылу салтанатында Ұйымдастыру және тәрбие істер жөніндегі вице-президент Б.Мухамеджанов Кубокты, Инженерия факультетінің деканы С.Тұртабаев, Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы М.Топлу медаль, алғыс хат табыстады. Айтулы шара жастардың спортқа деген […]

IMG-20170412-WA0002
Мектеп оқушыларының пәндік олимпиадасы өтті

Бүгін, 12 сәуір күні Ахмет Ясауи университеті Өнер факультетінде жалпы орта білім беру мектеп бітіруші түлектер арасында «Бейнелеу өнері және сызу», «Дизайн» мамандықтары бойынша пән олимпиадасы өтті. «Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасының аға оқытушысы Ұ.Нұрланованың ұйымдастыруымен өткен олимпиадаға облыстағы 30 мектеп пен лицейден 50-ден астам оқушылар қатысты. Өнер факультетінің деканы, п.ғ.к., доцент Е.Маханбет және оқытушы-профессорлар […]