IMG-20171021-WA0012
Әйелдер репродуктивті денсаулығының заманауи аспектілері

Жүктілікті көтереалмаушылық, мерзімінен бұрын босану бүгінгі таңда күрделі әрі маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Осы орайда, Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ, Шымкент медицина институтының «Акушерлік-гинекология» кафедра ұжымы кафедра меңгерушісі Л.М.Бегімбекованың жетекшілігімен «Әйелдердің репродуктивті денсаулығының заманауи аспектілері» атты ғылыми-тәжірибелік конференция қазан айының 20 жұлдызында ұйымдастырылды. Конференция барысында өзекті тақырыптарға баяндамалар жасалып, пікір алмасулар жүргізілді. Мәскеу қаласы В.И.Кулаков […]

318A0768
Жайдарман жарысы

24 қазан күні «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында «Продюсерлік орталықтың» және Жастар орталығының ұйымдастыруымен «Менің сүйікті университетім» атты факультетаралық «Жайдарман» көңілді тапқырлар клубы ойыны өтті. Сайысқа 3 команда қатысты: 1. Өнер факультетінің «Актер адам бір басқа», Еркін құраманың «Стипендия 0 теңге», Әлеуметтік ғылымдар факультетінің «№1 жатақхана құрамасы» командалары. Қазылар алқасы құрамындағы Тәрбие және мәдени […]

318A0688
Ұлттық спорт тоғызқұмалақтан универсиада басталды

24 қазан күні Түркістан қаласы, Ахмет Ясауи университетінде ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының және ХҚТУ «Спорт клубының» ұйымдастыруымен тоғызқұмалақ спорт түрінен ЖОО арасындағы ІХ жазғы универсиаданың ашылу салтанаты өтті. 22-27 қазан күндері өтетін ерлер және қыздар арасындағы тоғызқұмалақ ойынына 9 ЖОО-дан жалпы 16 команда қатысып бақ сынауда. Спорт бәсекесінің […]

DSC_2310
ҚУАНЫШ ЕСЕЛЕНСІН

Жуырда қаламызда жылдағы дәстүрі бойынша қасиетті қаламыздың ең маңызды мерекелері «Қала күні» және «Алтын күз» мейрамдары аталып өтті. Мереке қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлап, күн ұзақ әр түрлі іс-шаралардан шашу шашылды. Дүбірлі тойдың басында қала қонақтары және зиялы қауым өкілдері арнайы дайындалған автобуспен қаладағы құрылыс нысандарымен танысты. Соның ішінде қайта жаңартылған Н.Оңдасынов кешенінің, бұдан […]

1
Халықаралық ISO 9001:2015 жаңа стандартына көшу қадамдары

16-18 қазан күндері оқу ордамызға «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтының» эксперт-аудиторы Е.С.Булатова іс сапармен келді. Эксперт-аудитор Халықаралық ISO 9001:2015 стандартына енген елеулі өзгерістерге байланысты «ҚР СТ ISO 9001-2016 жаңа стандартының талаптары» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырды. 3 күн бойы өткен семинар-тренингке оқу орнымыздың құрылымдық бөлімшелерінен 30 қызметкер қатысты. Е.С.Булатова Қазақстанның және оқу орнымыздың 2018 жылы көшкелі отырған […]

DSC_2157
VII Түркология конгресі қорытындыланды

19 қазан күні Түркістан қаласында, Ахмет Ясауи университетімен, Ататүрік мәдениет, тіл және тарих қоғамының, Түрік тілі қоғамының ұйымдастыруымен өткен «Жойылу қаупі бар түркі тілдері» атты VII Халықаралық Түркология конгресі өз жұмысын аяқтады. Ғылым және инновациялық істер жөніндегі вице-президент, профессор Т.Раимбердиев жойылып кету қаупі бар тілдер жайлы зерттеулер жасаған, жойылып кету қаупі бар тілдердің сақталуына атсалысқан […]

318A9316
Түркологтар жойылу қаупі бар түркі тілдері мәселесін талқылауда

Бүгін, 18 қазан күні Түркістан қаласында, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Ататүрік мәдениет, тіл және тарих қоғамының, Түрік тілі қоғамының қолдауымен «Жойылу қаупі бар түркі тілдері» атты VII Халықаралық Түркология конгресінің ашылу салтанаты өтті. ХҚТУ Өкілетті Кеңес төрағасы, профессор М.Йылдыз, Өкілетті Кеңес мүшесі, профессор М.Шимшек, университет президенті, профессор У.Әбдібеков, Ататүрік мәдениет, тіл […]

Телефонограмма
ТЕЛЕФОНОГРАММА!

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында әзірленген сілтемедегі бейнероликті жоғары оқу орындарының басшылығына, профессорлық-оқытушылық құрамына, қызметкерлері мен білім алушыларына 2017 жылғы 14 қазанға дейін танысу үшін жолдайды. Нәтижесі бойынша ақпаратты а.ж. 16 қазан сағат 10.00-ге дейін dvpo-888@mail.ru адресі жолдауларыңыз қажет. Қазақша видео Орысша […]