clip_image011
Шымкент медицина институтының ұжымы Жолдауға қолдау білдірді

25 қаңтар күні Шымкент медицина институты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 10 қаңтар күні жарияланған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың мүмкіндіктері» тақырыбындағы Қазақстан халқына жолдауын кеңінен насихаттау бойынша көлемді іс-шара өтті. Дипломнан кейінгі білім беру факультетінің ұйымдастыруымен өткен шараға Шымкент медицина институтының директоры У.А.Жумабаев, факультет деканы А.А.Сариева және оқытушы-профессорлар мен қызметкерлер қатысты. Шымкент медицина институтының директоры […]

IMG 1_2465
Экология саласы бойынша ғылыми семинар өтті

25-26 қаңтар күндері Жаратылыстану факультетінің ғалымдары арасында Экология саласы бойынша ғылыми семинар өтті. Семинарды Ғылым және инновациялық істер жөніндегі проректор, профессор Т.П.Раимбердиев жүргізді. Семинарды өткізудің басты мақсаты — университет ғалымдары арасында ғылыми бағыттағы ізденістерін насихаттау. Маңызды семинарда ғылымның өрлеуіне негіз болатын ғылыми бағыттар өзектілігін бағалауды қалыптастыру сияқты мәселелер аясында сөз қозғалды. Семинар міндеті — ғалымдардың […]

IMG_2393
Филология және шетел филологиясы ғалымдарының семинары

24-25 қаңтар күні Филология және шетел филологиясы салалары бойынша ғылыми семинар өтті. Семинарға Филология факультетінің ғалымдары қатысты. Семинарды Ғылым және инновациялық істер жөніндегі проректор, профессор Т.П.Раимбердиев жүргізді. Семинарды өткізудің басты мақсаты — университет ғалымдары арасында ғылыми бағыттағы ізденістерін насихаттау. Семинарда ғылымның өрлеуіне негіз болатын ғылыми бағыттар өзектілігін бағалауды қалыптастыру сияқты мәселелер аясында сөз қозғалды. Семинар […]

DSC_0041
Ислам және ұлы дала өркениеті

24 қаңтар күні Ахмет Ясауи университетінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Ислам және ұлы дала өркениеті» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Алқалы жиынға ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің мүшелері, имамдар, теолог-ғалымдар, дін қызметкерлері қатысты. Конференцияға модераторлық жасаған ҚМБД төрағасы, Бас мүфти С.Ораз:«Кез келген халықтың мәдениеті, өмір-салты, тұрмыс-тіршілігі мен ойлау жүйесінде діннің алар орны ерекше. Сол діннің негізінде […]

318A4207
ХХVІІ Спартакиада өз мәресіне жетті

24 қаңтар күні «Спорт клубының» ұйымдастыруымен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын қолдау мақсатында, оқытушы-профессорлар мен қызметкерлер арасындағы ХХVІІ қысқы факультетаралық Спартакиаданың жабылу салтанаты өтті. 11-24 қаңтар күндері аралығында 11 спорт түрінен өткен спартакиада ойындары өз мәресіне жетті. Кіші футбол, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы, баскетбол, арқан тарту, қол күресі, жүзу, стол […]

IMG 1_2337
Өнер факультетінің ғылыми семинары өтті

23 қаңтар күні Өнер факультеті бойынша ғылыми семинар өтті. Семинарға Өнер факультетінің деканы Е.Маханбет, декан орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, факультеттің оқытушы-профессорлар құрамы қатысты. Семинарды Ғылым және инновациялық істер жөніндегі проректор, профессор Т.Раимбердиев жүргізді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы «Адами капитал – жаңғыру негізі. Үздік денсаулық сақтау ісі және […]

IMG_7898
Жағымды жаңалық

Жуырда университетіміздің беделді ғалым-жазушысы Тоқболат Еңсегенұлы Қазақстан Жазушылар одағына мүшелікке қабылданды. Ғұмыр бойы жанына қаламын серік етіп, қаламгер ретінде елге танылған ғалым «Филология» факультеті, «Қазақ филологиясы» кафедрасында шәкірттерге дәріс береді. Филология ғылымдарының докторы, профессор Тоқболат Еңсегенұлы 30-дан астам кітап, 15 монография, 1 оқулық, 10 оқу-әдістемелік, 6 көркем шығарма авторы. Сондай-ақ, ғалым қаламынан 250-ден астам ғылыми, […]

IMG 1 _2223
Педагогика саласы бойынша семинар өтті

22-23 қаңтар күндері Гуманитарлық ғылымдар факультеті бойынша Педагогика саласының ғылыми семинары өтті. Семинарға Гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы С.Абжалов, декан орынбасарлары, оқытушы-профессорлар құрамы қатысты. Семинарды Ғылым және инновациялық істер жөніндегі проректор, профессор Т.Раимбердиев жүргізді. Семинарды өткізудің басты мақсаты — университет ғалымдары арасында ғылыми бағыттағы ізденістерін насихаттау. Маңызды семинарда ғылымның өрлеуіне негіз болатын педагогикалық ғылыми бағыттар өзектілігін […]