IMG_3136
Өкілетті Кеңес тарапынан қаржыландырылған жобаларының қорытынды есебі тыңдалды

8 ақпан күні Мәдениет орталығының кіші залында Өкілетті Кеңес Басқармасы тарапынан 2016-2018ж.ж. аралығында қаржыландырылған ғылыми-зерттеу жоба жетекшілерінің қорытынды есептері тыңдалды. Сараптау комиссиясы отырысына Даму және қаржыландыру жөніндегі вице-президенті PhD Мұстафа Эрен төрағалық етті. Есеп беру барысында ғалымдардың әлемдік рейтингтік ғылыми журналдарда жариялаған импакт-факторлы мақалалары мен патенттері таныстырылды. Ғылыми жобалары бойынша нақты деректер, құнды мәліметтер айтылды. […]