DSC_0993
ҚР Көші-қон заңының талаптары түсіндірілді

30 наурыз күні Мәдениет орталығының үлкен залында шетелдік азаматтарға Қазақстан Республикасы Көші-қон заңының талаптарына сай елдің аумағында жүріп-тұру Ережелерінің сақталуы туралы жиналыс өтті. Шараға шетелдік студенттер, магистрант-докторанттар, қызметкерлер, оқытушы-профессорлар, факультет декандары, декан орынбасарлары, Аударма орталығының басшысы Р.Ашимов қатысты. Даму және қаржыландыру жөніндегі вице-президент М.Эрен шетелдік студенттерді ҚР заңдарына құрмет көрсетуге, тәртіпке бағынуға шақырды. Әр шетелдік […]

IMG_6748
Дәрігерлердің шеберлік дәрісі

29 наурыз күні Семей қаласының Мемлекеттік Медицина университетінің профессоры, м.ғ.д., Д.М.Шабдарбаева Медицина және Стоматология факультетінің оқытушы-профессорларына шеберлік сынып өтті. Стоматология факультетінің «Адам патологиясы» кафедрасы және Үздіксіз білім беру институтының бірлесе ұйымдастыруымен өткен шара жоғары деңгейде өтті. Профессор Дария Мұратқызы шеберлік сыныпты «Америка, Германия және Израил елдерінің оқу процесіндегі жетістіктері», «Тәжірибелік сабақта инновациялық технологияларды қолдану», «Сабақ […]

IMG-20180328-WA0047
Өзбекстанға туристік сапар

Жуырда «Туризм» мамандығының студенттері мен оқытушылар құрамы «Туризм» клубының жетекшісі А.Исаеваның ұйымдастыруымен Өзбекстан мемлекетінің мәдени-тарихи туристік нысандарымен танысу мақсатында Ташкент-Самарқанд-Бұхара қалаларына туристік сапармен барып қайтты. Өзбекстанның Әмір Темір музейі, Самарқандтағы Регистан алаңы, Өзбекстан Республикасының алғашқы президенті Ислам Каримовтың кесенесі, Әмір Темір кесенесі, Биби ханым кесенесі, т.б., мәдени-тарихи туристік объектілерімен танысты. Бұхара қаласындағы көне және тарихи […]

IMG_0900
АРҚА ТӨРІНДЕГІ АЛАМАН

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде 5В050400-журналистика мамандығы бойынша студенттер арасындағы пән олимпиадасы мәреге тақап келеді. Кеше кешкісін олимпиадаға қатысушылар оқу орнының тарихи мұражайын аралап көрді. Мұнда университет тынысын танытатын тарихи жәдігерлермен қатар, осы оқу орнының қалыптасуына еңбек сіңірген айтулы азаматтардың дерекнамалары көрініс тапқан. Әсіресе, түрлі жылдардағы жылнамалық материалдар студенттер қызығушылығын туғызды. Айта кетейік, пән олимиадасы […]

15217995185ab4d15ec0265
Кәсіптік мамандыру жобасы

13-24 наурыз аралығында оқу ордамыздың Клиника Диагностикалық орталығына Түркия Республикасы Анталия Едісу Кәсіптік және Техникалық Анадолу лицейінің Мейірбике және Денсаулық сақтау қызмет көрсету мамандығының 11-сынып оқушылары 10 күндік тәжірибеден өтті. 2017-2018 оқу жылы қазан айында Ахмет Ясауи университеті Өкілетті кеңес төрағасы мен Анталия Едісу Кәсіптік және Техникалық Анадолу лицейі арасында ынтымақтастық келісім-шарт түзілген болатын. Келісім-шарт […]

kafedra kuni (1)
Жаңа кітаптарға арналған «Кафедра күні»

28 наурыз күні Ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен Жаратылыстану және Инженерия факультетінің оқытушы-профессорлар құрамына «Кафедра күні» өткізілді. Кітапханашылар К.Төребекова, Т.Есіркепова кітапхана қорына түскен жаңа кітаптарға библиографиялық шолу жасап, мағлұмат берді. Оқытушылар оқу процесіне қажетті алынған жаңа оқулықтармен танысты. Жаратылыстану факультетінің деканы, ф-м. ғ.д., профессор Г.Б.Баканов маңызды шараны ұйымдастырған кітапхана қызметкерлеріне алғысын білдірді. Ғылыми кітапхана

IMG_6697
Болашақ стоматологтар конференциясы

28 наурыз күні Стоматология факультетінің «Dental Way» клубының ұйымдастыруымен «Стоматологиялық тәжірибеде жүкті әйелдердің жағдайы» — атты студенттік ғылыми-теориялық конференция өтті. Конференцияны «Dental Way» клубының төрағасы, Стоматология факультетінің 3-курс студенті С.Умаров жүргізді. Ашылу салтанатында І вице-президент, профессор М.Куталмыш, Даму және қаржыландыру жөніндегі вице-президент, профессор М.Эрен ғылыми шараның маңыздылығы жайлы, Стоматология факультетінде студенттер сапалы білім алу үшін […]

IMG_6539
Ұлттық рухты жаңғыртты

27 наурыз күні жыршы, термеші, сазгер, филос.ғ.к. Жәкен Омаровтың «Адамның хикмет кеудесі» атты лекция-концерті өтті. Шараны ұйымдастырушы — Ясауи ғылыми-зерттеу орталығы және «Темірқазық» студенттік клубы. Ақын-жырау Майлықожа Сұлтанқожаұлының шығармашылығына арналған шара мақсаты – Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Ұлттық бірегейлікті сақтау» бөлімінде: «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық […]

15211945985aab9666d27e9
Өкілетті кеңес төрағасының жұмыс сапары

Үстіміздегі жылдың 14-15 наурыз күндері Өкілетті кеңес төрағасы, профессор М.Йылдыз университетке кезекті жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында университет басшылары Өкілетті кеңес төрағасы, профессор М.Йылдыз, Өкілетті кеңес мүшесі, профессор М.Шимшек, ректор өкілі, профессор М.Куталмыш және Даму және қаржыландыру ісі жөніндегі проректор, доктор М.Эрен орталық асхананың жұмыстарымен танысты. Асхананың қайта жөндеу жұмыстарының сапасын бағалап, шолу жасады. Сондай-ақ, […]

photo4
«Әлемді өзгерткің келсе, алдымен өзіңнен баста!»

Жуырда Әлеуметтік ғылымдар факультеті «Менеджмент және туризм» кафедрасының «WE CAN» мотивациялық клубының ұйымдастыруымен «Әлемді өзгерткің келсе, алдымен өзіңнен баста!» атты тақырыпта іс-шара өтті. Іс-шараға «Ясауи»-тарихи зерттеу орталығының директоры Д.Кенжетай, Түркістан қаласы «Эдем» қонақ үй кешенінің директоры М.Ибрагимова өздерінің бүгінге дейін жеткен жетістіктері мен өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, «Жаңа бастама, жаңа бетбұрыс» (TED) жобасы аясында өздерінің […]