500 білім гранттарының конкурсы

  • Күні & Уақыты:
    • Тамыз 2 - 15, 2019

Түркия гранты конкурсына Ұлттық бірыңғай тестілеуден «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша кемінде 65 балл, «Педагогикалық ғылымдар» саласы бойынша 60 балл, ал басқа мамандықтарға 50 және одан жоғары ұпай жинаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Түркия грантына іріктеу жұмыстары, тек маусым-шілде айларында тапсырған ҰБТ нәтижесі бойынша, ал республикалық «Ясауи» пәндік олимпиадасы жеңімпаздары, ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен Халықаралық, Республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадасының жүлдегерлеріне қаңтар, наурыз, маусым және тамыз айларында тапсырған ҰБТ нәтижелері бойынша берілген сертификат ұпайына қарай жүргізіледі.Ұпай саны тең болып, басым құқығы болмаған жағдайда, сондай-ақ аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа ұпайы бірдей болғанда бірінші бейіндік пән бойынша алған ұпайы ескеріледі. «Алтын белгі» иегерлері конкурс кезінде ұпайлары бірдей болған кезде ғана ескеріледі.

Конкурсқа құжат тапсыру мерзімі
02.08-15.08.2019