XVI Халықаралық түркі әлемі әлеуметтану ғылымдары конгресі

  • Күні & Уақыты:
    • Қыркүйек 4 - 6, 2018
  • Байланыс сымтетігі:

XVI Халықаралық түркі әлемі әлеуметтану ғылымдары конгресі

Қәзіргі таңда  «Білімнің» негізгі күшке айналғанын және «жаһандану» ұғымымен бітеқайнасып жаңа бұрылыс нүктесіне жеткенінің куәсі болып отырмыз. Шындығында индустриалды қоғамның орнын «Ақпараттық қоғам» алып отыр, сондықтан болар өмірімізде орын алып жатқан құбылыстардың дерлік барлығын «Ақпараттық ғасырдың» хабаршысы ретінде қабылдайтын пікірлердің басымдылығымен түсіндіреміз. Бұл трансформация процесінің маңызды сипаты көптеген салаларда уақыт пен кеңістік, арақашықтық ұғымының жойылуы мен бірқатарда оған параллель түрде  қоғамаралық қарым-қатынастардың едәуір ұлғаюы атап өтерлік. Әсіресе, көліктік-коммуникациялық технологиялардың дамып келе жатқандығы жаңа әртүрлі деңгейдегі ынтымақтастық орнатуға мүмкіндіктер тудыруда, аймақтық ұйымдардың, өкілдіктердің санының тұрақты түрде артуына септігін тигізуде. Міне жалпы дүниежүзіндегі осындай қарқынды өзгерістерден ғылым саласы өзіне тән, өзіне тиесілі үлесін алып отыр. Білімнің негізгі күшке айналуы, ақпарат қолжетімділігі мен ақпарат таратудың жеңілдігі, ғаламдық және аймақтық проблемалардың өсуі сияқты мәселелер бір жағынан ортақ үдерістерді күн тәртібіне шығарып жатса, екінші жағынан ғылыми ынтымақтастықты міндеттейтін ортақ мүддеге айналдырып отырған жағдайы бар.

http://turkkongre.com