ІІ-ші ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ (ТҮРКІСТАН 2020)

  • Күні & Уақыты:
    • Қыркүйек 23 - 25, 2020
  • Мекен жайы:

    Түркістан қаласы

  • Байланыс сымтетігі:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ІІ-ші ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ (ТҮРКІСТАН 2020)

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

«ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ – БЕЙБІТШІЛІК, КЕЛІСІМ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ЖОЛЫ»

Түркістан қаласыда орналасқан Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде 2020 жылдың 23-қыркүйек күні «Жаһандану жағдайындағы Ұлы Жібек жолының рөлі мен орны: проблемалары мен перспективалары» тақырыбында онлайн-дөңгелек үстел және 2020 ж. 24-25 қыркүйек күндері аралығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы модернизациялау» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары негізінде «Ұлы Жібек жолы – бейбітшілік, келісім және тұрақтылықтың жолы-2020» атты ІІ Халықаралық онлайн-конференция өтеді.

Конференция мен дөңгелек үстелдің басты мақсаты – Ұлы Жібек Жолын дамытудың келешегі мен проблемаларын туризм саласындағы басымдықты жаһандық  жоба ретінде қарастыру, мәдени мұраны, ұлттық этномәдениетті, түпнұсқалықты сақтау және жаңғырту, тарихи тәжірибені зерделеу және қазіргі мәдениет, ескерткіштер мен олардың этносаралық тұрақтылықты сақтаудағы және мәдениетаралық үнқатысудың маңыздылығы туралы мәселелерді талқылау, сондай-ақ Ұлы Жібек жолы өңірлерінде халықаралық деңгейде жаңа достар мен пікірлестерді табу және байланыс орнату.

Бұл іс-шара ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан 2018-2020 жылдарға қаржыландырылған №АP05132474 «Мәдени ескерткіштерді жан-жақты зерттеуге негізделген Ұлы Жібек жолының мәдени мұрасын модернизациялау» (Түркістан өлкесі мысалында) гранттық жобасы бойынша өтеді.

Конференцияның негізгі бағыттары:

— Ұлы Жібек жолының тарихи және мәдени мұрасы және әлемдегі өз аймағында, Қазақстанда туризмді дамыту.

—  Түркістан Ұлы Жібек жолы тарихында.

— Ұлы Жібек жолы халықтарды біріктіру идеясы мен тәжірибесі ретінде.

— Ұлы Жібек жолының этносаралық және мәдениетаралық диалог пен мәдени алмасуды қалыптастыру, дамыту және қолдаудағы рөлі.

— Ұлы Жібек жолының тарихи-мәдени мұрасын сақтау және насихаттау.

— Ұлы Жібек жолы бойындағы туризмді дамыту: проблемалары мен даму болашағы.

— Ұлы Жібек жолы аймағындағы туристік бағыттар: әлеуетті бағалаудан брендингке дейін. Ұлы Жібек жолы әлемдік туризмнің жаһандық бренді ретінде.

— Аймақтардағы және муниципалитеттерде туризмді дамыту жобаларын әзірлеу және енгізу тәжірибесі. Туризмге инвестиция салу Қазақстан мен өңірлердің келешегі.

— Қазақстандық және шетелдік ЖОО-лардың академиялық тәжірибесі, туризм үшін мамандарды даярлауда индустрия және инновациялық технологиялар бойынша мамандарды дайындау бойынша ұйымдар.

— Жібек жолы бойындағы елдер арасындағы білім беру саласында ынтымақтастықты арттырудың қазіргі жағдайы мен келешек келбеті.

— Жібек жолы бойындағы елдердегі білім берудің және экономиканың тұрақты дамуының мәселелері.

Конференция өткізу күні: 23,24,25 қыркүйек, 2020 жыл

Конференция өткізу орны: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті.

Назар аударыңыз:

— Конференцияға қатысудың электронды өтінімі мен мақала түйіндемесі 2020 жылдың 30 тамызына дейін жіберілуі тиіс;

— Қабылданған мақалаларды жариялау күні 30 тамыз, 2020 ж.;

— Жұмыс тілдері: қазақ, түрік, орыс, ағылшын тілдері.

Баяндама мәтініне қойылатын талаптар:

  1. Баяндаманың (мақаланың) көлемі 7-10 беттен (А 4 форматы) аспауы тиіс, шрифт — 12 MS Word бағдарламасы. Кестелер, диаграммалар, суреттер тақырыптарымен берілуі және Windows бағдарламасында жинақталған болуы керек.
  2. Жоғарғы шегі – 2 см, төменгі – 2 см, оң жағы – 1,5 см, сол жағы – 3 см., Шрифт: Тimеs New Roman, кегль – 12
  3. 3. Қатараралық интервал — бірлік. Абзац: 1,25 см.
  4. 4. Баяндаманың соңына әдебиеттер тізімі беріледі. Сілтеме тік жақшаға алынып, қайталанған жағдайда реттік номеріне сай пайдаланылған әдебиеттің беті көрсетіледі. Мысалы: [7, 3 б.]. ағылшын тіліндегі нұсқасында үтір орнына нүкте қойылады, мысалы 1,2 – деп көрсетілген сілтемені 1.2. етіп түзету керек.

— Мәтін құрылымы Мақала атауы, Түйін, IMRAD — мұндағы I – Introduction (кіріспе), M – Methods (әдіс-тәсілдер), R – Results (зерттеу нәтижелері), A – және, D – conclusion+ discussion (қорытынды, нәтижелерді талқылау және тұжырым), Әдебиеттер тізімі, Қосымша  халықаралық формуласына сәйкес рәсімделуі шарт.

Мақаланы рәсімдеу үлгісі

ЭТНИКААРАЛЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ДИАЛОГТАҒЫ ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

(ортада мақаланың толық атауы бас әріптермен жазылады)

Алена Юлдашқызы Балтабаева

Филос.ғ.к., университет профессоры

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

e-mail: alyona.baltabayeva@ayu.edu.kz

(автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы, жұмыс орны, E-mail)

Түйін. 150 сөзден кем емес, алдымен, мақала жазылған тілде, содан кейін ағылшын, түрік, қазақ немесе орыс тілдерінде орын алады.

Кілт сөздер. Әрбір түйіннен кейін түйін жазылған тілде 5 сөз.

КІРІСПЕ.

Мәтін… Мәтін… Мәтін…

Тақырыпшалар – сол ақтан, қалың және бас әріптермен.

Мақаланың (баяндаманың) электронды нұсқасын конференцияға / дөңгелек үстелге деп белгілеп silkway.2019konf@gmail.com электронды мекен-жайына жіберу керек.

Редакциялық кеңес баяндаманы таңдау құқығын өзіне қалдырады.

Конференцияға қатысу тегін!

Конференцияға қатысу тегін! Әр қатысушыға конференцияның / дөңгелек үстелдің электронды жинағы және қасиетті Түркістан қаласының естелік фотосуреттері ұсынылады.

Ұйымдастырушы комитетімен байланыс:

Ұйымдастырушы комитетінің жетекшісі:

Балтабаева Алена 87774483336

Ұйымдастырушы комитетінің мүшелері:

Мақаланы рәсімдеу және қабылдау мәселелері бойынша:

— Аймбетова Индира 87777170111

— Ризаходжаева Гулнара  87750254949

Ұйымдастыру жұмыстары бойынша

— Шайхстамова Малика 87023382152

— Абубакирова Актолкын 87073472773                                

Электрондық мекен-жайы: silkway.2019konf@gmail.com

Конференция мен дөңгелек үстелге белгілі отандық және шетелдік ғалымдардың, орталық және жергілікті басқару өкілдерінің, этномәдени орталықтардың жетекшілері мен өкілдерінің қатысуы жоспарлануда.

Напишите свой вопрос

 

×