«Инклюзивті инновациялар» гранттық конкурсы

  • Күні & Уақыты:
    • Желтоқсан10, 2018

«Инклюзивті инновациялар» гранттық конкурсы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасының шеңберінде «Инклюзивті инновациялар консорциумдары» гранттық бағдарламасы бойынша конкурс жариялайды.

Гранттық бағдарламаның мақсаты —  әлеуметтік маңыздылығы жоғары коммерциялық тұрақты инновациялық жобаларын әзірлеу және енгізу үшін ғылым мен бизнесті жұмылдыру.

Өтінімдерді қабылдау Портал арқылы 2018 жылдың 25 қазанында басталады және  2018 жылдың 10 желтоқсаны Астана уақытымен сағат 18.00-де аяқталады.

Гранттық бағдарлама туралы ақпаратпен толығырақ www.fpip.kz сайтында «Инновациялық консорциумдар» бөлімінде «Инклюзивті инновациялар консорциумдары» гранттық бағдарламасының нұсқаулығынан танысуға болады.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер www.fpip.kz сайтында электрондық портал арқылы ағылшын, қазақ және/немесе орыс тілдерінде қабылданады. Өтінімді ағылшын тілінде толтыру міндетті, өйткені жобаларды халықаралық сарапшылар ағылшын тілінде сараптайтын болады. Өтінім берушілер Гранттық бағдарламаның нұсқаулығымен мұқият танысып шығуы және талаптарды қатаң сақтауы тиіс.

Барлық талаптарды қатаң сақтау қажет. Қатысу талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер қабылданбайды. Өтінімді толтырудан бұрын кіші жобаларға қойылатын экологиялық талаптармен және Жоба шеңберінде қаржыландырылмайтын қызметтер түрімен мұқият танысып шығу қажет.

Толығырақ

 Коммерциализациялау офисі