Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдау гранттары

  • Күні & Уақыты:
    • Қаңтар 15 - Сәуір 1, 2019

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы шеңберінде «Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдау гранттары» гранттық бағдарламасы бойынша конкурс жариялайды

Құрметті өтінім берушілер,

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы шеңберінде «Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдау гранттары» гранттық бағдарламасы бойынша конкурс жариялайды.

«Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдау гранттары» гранттық бағдарламаның мақсаты кадрларды дайындау, біліктілігін арттыру және қайта дайындау, сондай-ақ ортақ зерттеулерді жүргізу, ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу саласындағы Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік және инновациялық әлеуетін дамытуда жетекші әлемдік білім беру, ғылыми және өндірістік ұйымдардың әлеуетін пайдалану болып табылады.

Гранттық бағдарлама бойынша жобаларды іске асыру мерзімі 12 (он екі) айдан аспауы тиіс. Гранттың максималды мөлшері 17 млн. теңгені құрайды. Портал арқылы өтінімдерді қабылдау 2019 жылғы 15 қаңтардан 01 сәуір аралығында Астана уақытымен сағат 18.00-де дейін жүргізіледі.

Конкурстың шарттары және талаптарымен «Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдау гранттары. А грант түрі» гранттық бағдарлама бойынша нұсқамадан толық таныса аласыздар, нұсқаманы www.fpip.kz сайтында «PhD» бөлімінде жүктеуге болады.

Үміткерлер «Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдау гранттары. А грант түрі» гранттық бағдарламасының нұсқамасында көрсетілген барлық талаптармен мұқият танысуы және орындауы тиіс. Барлық өтінімдер ағылшын, қазақ және/немесе орыс тілдерінде электрондық нұсқада www.fpip.kz интернет порталы арқылы жіберілуі тиіс. Жобаларды сараптау ағылшын тілінде жүргізілетіндіктен, өтінімдердің ағылшын тіліндегі нұсқасы негізгі құжат болып есептелінеді. Барлық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Қатысу талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер қабылданбайды және қарастырылмайтын болады. Өтінімді толтырудан бұрын кіші жобаларға қойылатын экологиялық талаптармен, сондай ақ Жоба аясында қаржыландырылмайтын қызмет түрлерімен мұқият танысып шығу қажет.

«Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдау гранттары» гранттық бағдарламасы бойынша толық ақпаратты research_grants@fpip.kzэлектрондық поштасы немесе +7-7172-27-71-21 телефоны арқылы конкурстың координаторынан (Бектенов Данияр) ала аласыз.

«Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдауға арналған гранттар» нұсқамасын жүктеу

КОММЕРЦИАЛИЗАЦИЯЛАУ ОФИСІ