Ғылым мен өнер саласындағы сыйлықтарға конкурс

  • Күні & Уақыты:
    • Желтоқсан30, 2018

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — «Елбасы Қоры» ғылым мен өнер саласындағы сыйлықтарға конкурс жариялады

2018 жылдың 17 қазан-30 желтоқсан аралығында  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – «Елбасы Қоры» жыл сайынғы ғылым, мәдениет және өнер саласындағы сыйлықтарға конкурс өткізеді.

Қор — талантты қазақстандық жастарға қолдау көрсету мақсатында жылына бір рет ғылым және өнер саласында түрлі номинациялар бойынша марапаттайды:

Қазақстан Республикасының жас ғалымдарының ғылым мен техника саласындағы ең үздік ғылыми зерттеулер мен жетістіктер үшін;

Қазақстан Республикасының жас қайраткерлер арасындағы мәдениет және өнер саласындағы жаңа туындылар, бағдарламалар, жобалар үшін.

Конкурсқа 40 жасқа дейінгі жас ғалымдар, мәдениет және өнер қайраткерлері қатыса алады. Қордың жүлделері үшін ұсынылған жұмыстар мен жобалардың авторлары еліміздің ғылыми және мәдени өміріне елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары болуы тиіс.

Конкурс құжаттамалары