ҚАЗАҚСТАН ЖАЙЛЫ МАҒЛҰМАТ

 Халық саны: 18 157 078 адам

Жер көлемі: 2 724 900 км².

Елдің астанасы : Астана қаласы (1997ж 10 желтоқсанынан бастап).

Қазақстанның Астана қаласы әлемнің ең жас астанасы болып есептеледі.

Ресми тілдер: Мемлекеттік тіл-қазақ тіл, орыс тілі кеңінен қолданылады.

Елдің негізгі валютасы: теңге

Тәуелсіздік: 1991 жыл 16 желтоқсан

Климаты: өте құбылмалы.

Қазақстан Республикасында 14 облыс:

Алматы облысы әкімінің ресми сайты:  http://www.zhetysu.gov.kz/

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің ресми сайты:  http://www.akimvko.gov.kz/kz/

Қарағанды облысы әкімінің ресми сайты:  https://karaganda-region.gov.kz/

Жамбыл облысы әкімінің ресми сайты:  http://www.zhambyl.gov.kz/

Түркістан облысы әкімінің ресми сайты:  https://ontustik.gov.kz/kk

Қызылорда облысы әкімінің ресми сайты: https://e-kyzylorda.gov.kz/?q=kk

Ақтөбе облысы әкімінің ресми сайты: http://akt.gov.kz/

Қостанай облысы әкімінің ресми сайты: http://www.resurs.kz/kaz/catalog/kostanaygov

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ресми сайты: http://sko.gov.kz/

Ақмола облысы әкімінің ресми сайты: http://aqmola.gov.kz/

Павлодар облысы әкімінің ресми сайты: http://pavlodar.gov.kz/

Батыс Қазақстан облысы әкімінің ресми сайты: http://www.bko.gov.kz/kz/

Атырау облысы әкімінің ресми сайты: http://atyrau.gov.kz/

Маңғыстау облысы  әкімінің ресми сайты: https://mangystau.gov.kz/

Республикалық маңызы бар қала: Астана қаласы, Алматы қаласы, Шымкент  қаласы.

ҚАЗАҚСТАН ТУРАЛЫ  ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕК ЖӘНЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖАЙЫНДА

  1. Қазақстан аймағы Еуропа мен Азияда қатар орналасқан. Қазақстан бес мемлекетпен шекаралас, соның ішінде әлемдегі құрлықтағы ең ұзақ шекара солтүстігінде жəне батысында Ресеймен  6 467 км. құрайды. Оңтүстігінде Түркіменстан  380 км, Өзбекстан 2 300 км. және Қырғызстан 980 км, ал шығысында  Қытаймен 1 460 км. шектеседі. Жалпы құрлық шекарасының ұзындығы  13392,6 км, Батыста Каспий теңізімен, оңтүстік батыста Арал теңізімен  шайылады.
  2. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9 орын алады. Қазақстанның территориясына 3 Түркия, 5 Франциянемесе 7 Жапония сиып кетер еді.
  3. Қазақстанның ұлттық құрамы алуан түрлі. Қазіргі таңда Қазақстанда 130-ға жуық ұлт өкілдері тұрады. Хaлықтың басым бөлігін қазақтарқұрайды, пайыздық үлесі — 66,01%,орыстар  — 21,05%, өзбектер- 3,07%, украиндар — 1,70%, ұйғырлар — 1,44%, татарлар — 1,17%, басқа халықтар — 5,56%. Халықтың 70 пайыздан астамын мұсылмандар құрайды, православты христиандар — 26%, қалғаны басқа дін өкілдері.
  4. Қазақстан табиғи қор жағынан және әр түрлі пайдалы қазба байлықтарға мол әлемнің ең бай мемлекеттерінің бірі. Менделеев таблицасындағы 105 элементтің 99 элементі Қазақстан қойнауында табылған. 70-нің қоры бар, өндірісте 60 элементі пайдаланады.
  5. Қазақстан мұнай қоры бойынша әлем елдері арасында 7 орынға ие. Газ қорынан 6 орынға және ураннан 2 орында тұр.
  6. Қазақстанда 1000-ға жуық этномәдени орталықтарды байланыстыратын Қазақстан халқының ассамблеясы қызмет етеді.
  7. Қазақстандағы «Байқоңыр» ғарыш станциясынан тұңғыш рет адамзат ғарышқа ұшқан.
  8. Алматы қаласының мақтанышына айналған және қала тұрғындарының сүйікті спорт кешені Медеу — әлемдегі ең биік орналасқан жасанды мұз айдыны.
  9. Алматыдағы Көк-Төбе телемұнарасын теңіз деңгейінен төмен есептейтін болсақ, дүниежүзінің ең биік нүктесі болып есептеледі.
  10. Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстанға шетелден 150 млрд доллар инвестиция құйылған.
  11. ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне Қазақстанның 5 нысаны кірген.
    1. Қожа Ахмед Яссави кесенесі (2003ж)
    2. Тамғалы петроглиф тас кешені (2004ж)
    3. Сарыарқа – Солтүстік Қазақстан даласы мен көлдері (2008ж)
    4. Чанъаң-Тянь-Шань дәлізіндегі Ұлы Жібек жолы нысандары Қаялық, Қарамерген, Талғар, Ақтөбе, Ақыртас, Құлан, Костөбе және Өрнек елді мекендері. (2014ж)
    5. Батыс Тянь-Шань (2016ж) Қаратау қорығы, Ақсу-Жабағлы қорығы, Сайрам-Өгем ұлттық паркі