АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті білім алушылар!
2025 жылдың 6-мамыр күні Ясауитану ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен білім алушылар арасында «Ясауи хикметтерін жатқа айту» интеллектуалды сайысының өтетінін хабарлаймыз. Сайысқа қатысып, өзіңізді сынауға, рухани мұрамызды тереңірек танып білуге мүмкіндік алыңыз! Жеңімпаздар мен үздік қатысушылар арнайы сыйлықтармен мараптталады. Сайыстың шарттары:
Сайысқа Ахмет Ясауи университетінде білім алатын барлық мамандықтардың білім алушылары қатыса алады. Сайыс 2 кезеңнен тұрады:
1-кезең: Қожа Ахмет Ясауидің таңдаулы 40 хикметін жатқа айту.
2-кезең: Қожа Ахмет Ясауидің тұлғасы, ілімі, еңбектері және Әзірет Сұлтан кесенесіне қатысты сұрақ-жауап.
Сайыстың ережесін және хикметтерді http://ayu.edu.kz/ веб-сайтынан жүктеп алуға болады. Сайыстың өтетін уақыты: 06.05.2025 ж. сағ. 11:00
Сайыстың өтетін орны: Ахмет Ясауи университеті, бас ғимарат, С.Пралиев атындағы конференц-залы.
Қосымша ақпарат алу және сайысқа тіркелу
Мекен-жайы: Бекзат Саттарханов даңғылы 29, Ахмет Ясауи университеті, бас ғимарат, Ясауитану ғылыми-зерттеу институты. Кабинет: 510А, 507.
Байланыс: +7708-919-72-78, togzhan.urumova@ayu.edu.kz