shape
shape

Білім беру мақсаттары мен жетістіктері

  • Басты бет
  • Білім беру мақсаттары мен жетістіктері

Білім беру мақсаттары

Теология саласында терең исламдық білімді меңгерген, мемлекеттік-конфессиялық қатынастар саласындағы мәселелерді шешуде теологиялық білімін пайдалана алатын, әлеуметтік-коммуникативтік дағдылары мен зерттеушілік қызметін табысты іске асыра алатын білікті теологтарды даярлау. 

Оқу

2024-2025 оқу жылында білім беру бағдарламалары бойынша оқу жоспарының жеке пәндер блогы бойынша жұмыспен қамтылған (еңбек келісім-шарттар жасалған) оқытушы-профессорлар құрамының штат бірліктерінің жалпы саны – 13. Оның ішінде 1 профессор, 1 доцент, 6 PhD аға оқытушы,  5 магистр оқытушы  қызмет атқарады. Теология кафедрасында 6В02229-Теология, 6В02266-Исламтану,  7М02262-Теология білім беру бағыттары бойынша мамандар даярлайды.  

ТӘРБИЕ

«Теология» кафедрасы Профессор-оқытушылары діни экстремизм мен терроризм, теріс діни ағымдарға қарсы күрес жүргізу мақсатында студенттер арасында үгіт насихат жүргізуді жалғастырып келеді. Студенттердің оқу жылы бойынан жатақханаларға орналасуы, жатақхана ішіндегі ережелерімен толық танысуы, ішіндегі тазалық ережелерін дұрыс қолдануы, тыныштық нормаларын сақтауы жатақхана айналасында тәртіп ережелерін сақтауы, қоғамдық мәдени іс-шараларға өз үлестерін қосу сынды тәрбие жұмыстары жоспарға сай өз дәрежесінде жүргізіледі.

ҒЫЛЫМ

Кафедра оқытушы-професссор құрамы халықаралық және республика көлеміндегі ғылыми конференцияларға қатысумен қатар, рейтингтік ғылыми журналдардағы (Scopus, Elsevier, Clarivate Analitic, WoS) жарияланымдарымен ҚРБжҒМ Білім және ғылым саласын бақылау комитеті ұсынатын Отандық басылымдарда үлесін арттыруда. Кафедра оқытушы-профессор құрамы университет, ұжым имиджін арттыру бойынша да әлеуметтік желілерге (Facebook, ВКонтакте, Instagram) шығу, белсенділігін танытуда. Кафедра аға оқытушысы, PhD Ж.Нурматов 2023 жылы мемлектеттік жоба ұтып алды.