Исламтану саласында кәсіби білімін іс жүзінде қолдана алатын, қоғамдағы діни мәселелерді шешуге қабілетті, өз бетінше ізденуге және одан әрі білімін жалғастыруға дағдыланған білікті мамандар даярлау.
Білім беру бағдарламасының тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының рухани жаңғыруын жеделдету және діни ресурстарды қолдану арқылы халықтың діни сауатын арттыру мақсатында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының ғылыми және практикалық міндеттерін шешуге бағытталған жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау принципіне негізделген.