shape
shape

Жетістіктер

Жетістіктер

Тарих кафедрасында 2020 жылы 6В01615-Тарих, 7М02210-Тарих білім беру бағдарламалары, 2021 жылы 6В02231–Тарих білім беру бағдарламасы, ал 2022 жылы  8D01604-Тарих білім беру бағдарламасы мамандандырылған халықаралық аккредиттеуден сәтті өтті. 

Тарих кафедрасы 2021-2022 оқу жылынан бастап дуальды оқыту бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда. Дуалды оқытуды жүзеге асыру үшін кафедра М.Әбенова атындағы ЖОМ шарт жасалды. Дуальды оқыту процесіне Тарих бойынша жетекші мұғалімдері қатысады.

Тарих кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы университеттің білім беру, ғылым, тәрбие, қоғамдық өміріне белсенді қатысады, оқу процесін ұйымдастыруда және университетіміздің ғылыми-зерттеу жұмысын дамытуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген. ПОҚ-ның жарияланымдық белсенділігі жылдан жылға артуда, бұл жалпы ББ дамуына ықпал етеді.

  • Т.ғ.д., профессор Х.М.Тұрсұн 2019 жылғы 02-17 наурыз аралығында Ресей Ғылым Академиясы Ресей тарихы институтында (РФ) тағылымдамадан өтті.
  • PhD, доцент К.Базарбаев 26.07-30.07.2021 ж. аралығында Эрасмус+ бағдарламасы аясында Түркия Республикасы, Сивас қаласы, Жұмхуриет университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.
  • PhD, доцент К.Базарбаев 31.03-15.04.2022 ж. аралығында Түркия Республикасы, Нигде қаласы, Нигде Өмер Халисдемир университетінде «Орхун» бағдардамасы аясында 2 апталық дәріс оқуға жіберілді.
  • PhD, доцент К.Базарбаев AP19676634 гранттық жобасы аясында Түркия Республикасы,  Анкара қаласында 16.11-24.11.2023ж. күндері ғылыми іс-сапарға жіберілді.
  • PhD, доцент К.Базарбаев AP19676634 гранттық жобасы аясында Азербайжан Республикасы,  Баку қаласына 23.01-31.01.2024ж. күндері ғылыми іс-сапарға жіберілді.
  • PhD, доцент С.Б.Сиздиков академиялық ұтқырлық бойынша 2023 жылдың 16-31 қараша аралығында Эге университетінде тағылымдамадан өтті. (Түркия, Измир қаласы).
  • PhD, доцент С.Б.Сиздиков 2022 жылғы Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің жас ғалымдарға арналған степендиясының иегері (28.12.2022 ж. №216 бұйрық).
  • PhD, доцент С.Б.Сиздиков 2023 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы атағының иегерлер (28.12.2023 ж.).
  • Т.ғ.к., доцент Нурбетова Г.О. Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендия иегері, Әлеуметтік ғылымдар (45 Т) - Тарих мамандығы бойынша 01.02.2022-25.12.2022 жылдың мерзімі аралығында Түркия Республикасы, Анталья қаласы, Акдениз университетінде оқу тағылымдамадан өтті.
  • 2013 жылы 6В01615-Тарих ББ бойынша ТТА-111 тобының студенті Аббасов Нұрсултан студенттердің ғылыми-теориялық конференциясының Республикалық жеңімпазы (2 орын). Ғылыми жетекшісі PhD, доцент М.Салғараев.
  • 2023 жылдың 09-15 қараша аралығында т.ғ.к., доцент Г.Т Жораева Түркия/Стамбул "Көшбасшылық теориясы" (72 сағат) атты халықаралық оқу курсынан өтті.
  • 2020 жылы т.ғ.к., доцент Г.Т Жораева ҚР БжҒМ тағайындаған бұйрық №542  Мемлекеттік стипендия иегері.
  • 2023 жылы т.ғ.к., доцент Г.Т Жораева Халықаралық бағдарламалар орталығы АҚ «Болашақ» бағдарламасының «500 ғалым» жобасы бойынша 04.09.2023 – 04.03.2024 аралығында Түркия Республикасы, Анталия қаласы, Акдениз университетінің Әдебиет факультеті «Тарих» кафедрасы мен «AKUZEM» Қашықтықтан оқыту орталығында оқу тағылымдамадан өтті.

ПОҚ марапаттары, алғыс хаттар (негізгі ақпарат)

•    2021 жылы т.ғ.д., профессор Х.Тұрсұн «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» медалімен марапатталды.

•    2022 жылы т.ғ.д., профессор Х.Тұрсұн ҚР Жоғары білім және ғылым министрінің Алғыс хатымен марапатталды.

•    2023 жылы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша жүргізген ғылыми-іздестіру жұмыстары үшін ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды.

•    PhD, доцент К.Базарбаев 2019 жылы Елбасы қорының «Тірегі сендер елімнің-2019» байқауының Алғыс хатымен марапатталды.

•    PhD, доцент К.Базарбаев 2020 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алғыс хатымен марапатталды.

•    PhD, доцент К.Базарбаев 2021жылы ХҚТУ ректорының Алғыс хатымен марапатталды.

•    2016 жылы т.ғ.к., доцент Нурбетова Г.О университеттің дамуына қосқан ерекше үлесі үшін «Ясауи - 850 жыл» төсбелгісімен марапатталды.

•    2023 жылы т.ғ.к., доцент Нурбетова Г.О. университеттің дамуына қосқан ерекше үлесі үшін 30-жылдық мерейтойлық төсбелгісімен марапатталды

•    2022 жылы т.ғ.к., доцент Г.Т Жораева Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің 30 жылдық мерей тойына арналған төсбелгісімен марапатталды.

•    2022 жылы т.ғ.к., доцент Г.Т Жораева Түркістан қаласының Адами әлеуетті дамыту бөліміңің Алғыс хатымен марапатталды.

•    2023 жылы т.ғ.к., доцент Г.Т Жораева Түркістан облысының білім басқармасының білім беру саласының дамуына, өскелең ұрпақтың рухани дамуына қосқан үлесі үшін Алғыс хатымен марапатталды.