QS WORLD UNIVERSITY RANKINGS АГЕНТТІГІНІҢ АЙМАҚТЫҚ ДИРЕКТОРЫМЕН ОНЛАЙН-КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Кездесу барысында университеттің рейтингтік индикаторлары бойынша қазіргі жағдайы жан-жақты сараланып, көрсеткіштерді жақсарту бойынша нақты ұсыныстар берілді. Атап айтқанда, университеттің ғылыми-зерттеу қызметі, жарияланым белсенділігі, халықаралық серіктестіктер және оқытушы-профессорлар құрамының кәсіби біліктілігін арттыру сияқты бағыттарға ерекше назар аударылды.
Сергей Христолюбов рейтингтік процестерді жетілдірудің маңызды аспектілерін атап өтіп, университеттің әлемдік деңгейдегі танымалдылығын арттыру үшін жүзеге асырылуы тиіс стратегиялық қадамдармен бөлісті. Сондай-ақ, университеттің халықаралық байланыстарын кеңейту, шетелдік әріптестермен бірлескен жобаларды іске асыру және студенттер мен түлектердің жетістіктерін насихаттау қажеттігіне тоқталды.
Бұл кездесу университеттің әлемдік білім беру кеңістігіндегі орнын нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды. Алынған тәжірибе мен ұсыныстар алдағы даму стратегиясын жетілдіруде құнды негіз болмақ.
Сергей Христолюбов университеттің 2024 жылы Азия бойынша ең үздік 200 жоғары оқу орнының қатарына енгенін тілге тиек етіп, ұжымды осы жарқын жетістікпен құттықтады.