Білім беру мақсаттары
5В130100 –Жалпы медицина, «Жалпы тәжірибелік дәрігер» интернатурасы білім беру бағдарламасының мақсаты - Денсаулық сақтау саласындағы білімді, тәжірибені және денсаулық сақтау аймағындағы жаңалықтарды меңгере отырып, жалпы тұрғындарға, жеке адамдарға алғашқы және кейбір жанұяларға жоғары мамандандырылған үздіксіз медициналық көмекті көрсете білетін, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.
7R01114 - Радиология білім беру бағдарламасының мақсаты - Ғылыми және денсаулық сақтау салалары үшін сапалы және бәсекелестікке қабілетті мамандарды даярлау. Бағдарлама сәулелік диагностика дәрігері маманының кәсіби қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған, ол:
- денсаулық сақтау саласындағы жаңа теориялардың қазіргі заманғы терең білімдерін түсіндіруге және қорытындылауға; алған білімдерін тәжірибеге және өзіндік ғылыми зерттеулерге енгізуге;
- өзіндік ғылыми зерттеулердің нәтижелерін түсіндіру және оларды мамандарға да, маман емес адамдарға да жеткізе білуге;
- қосымша білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарының жеке бағдарламасын құруға мүмкіндік береді.