Миссия
Теориялық және іс-тәжірибелік дайындықты меңгерген, кәсіби біліктілігі мен білімі жоғары, мемлекеттік білім беру стандартына сай мамандарды даярлау.
Міндет
- Оқытудың жаңа инновациялық әдістерін қолдана отырып, практикалық денсаулық сақтау саласына жоғары біліктілікті, бәсекеге қабілетті медициналық кадрлар дайындау.
- Клиникалық диагнозды тұжырымдай алу, тиісті емдеу жоспарын тағайындай алу және медициналық көмектің барлық деңгейлеріндегі дәлелді тәжірибе негізінде оның тиімділігін бағалай білу.
- Өз бетінше білім алуға және кәсіби команданың басқа мүшелерін оқытуға, пікірталастарға, конференцияларға және үздіксіз кәсіби дамудың басқа түрлеріне белсенді қатысуға қабілетті болу.