Тарих және жалпы ақпарат

2009 жылы доцент Абасова Гаухар Бегалиевнаның жетекшілігімен «Жүйке аурулары және шығыс медицинасы» кафедрасы құрылды. 2016 жылы кафедра атауы «Неврология, психиатрия, наркология» болып өзгертілді. Қазіргі таңда Г.Б.Абасова кафедра меңгерушісі қызметін атқарып келеді.
Кафедрада оқытудың келесі медициналық бағдарламаларымен қамтамасыз етеді: «5В130100-Жалпы медицина» интернатура мамандығы, 7R01104-«Ересектердің, балалардың неврологиясы», 7R01113 «Психиатрия ересектердің, балалардың», 7R01117 «Ересектердің, балалардың физикалық медицина және реабилитациясы» резидентура білім беру бағдарламалары. Тәжірибе сабақтар интерактивті оқу әдістері бойынша жүргізіледі: теориялық мәліметтерді оқытушымен талқылау, науқастарды клиникалық талдау, топтық дискуссия, эвристикалық әңгімелесу, тренингтер, проблемалық бағдарламаларымен оқыту элементтері қолданылады.