Хабарландырулар

shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

ОҚУ ОРДАМЫЗДА АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ САРАПТАМАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Университетімізде ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі жанындағы Сараптамалық кеңесінің 2025 жылдың 1-тоқсанындағы кезекті отырысы өтті. Кездесуді Түркістан облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі өкілі Наталья Қожабекова жүргізді.  

Отырыста жұмыс жоспары талқыланып, 1-тоқсанға арналған негізгі іс-шаралар қарастырылды. Кеңес барысында әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша зерттеу жүргізу, оның ішінде отбасындағы зорлық-зомбылық мәселелері және зардап шеккендерді қорғау шаралары сынды өзге де маңызды мәселелер қаралды.  

Айтулы кеңес мүшелерінің қатарында оқу ордамыздың Стратегиялық даму, рейтинг және сапа орталығының басшысы Салтанат Қырықбаева, тәуекел-менеджері Мақсат Қырықбаев пен Тұрақты даму ғылыми-зерттеу орталығының директоры Тулкинжон Гаипов бар.  

Айта кетейік, кеңесте қаралған мәселелер БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен тікелей байланысты. Сонымен қатар, өңірлік және ұлттық деңгейдегі әлеуметтік, экологиялық және құқықтық мәселелерді шешуге бағытталған.

Университетіміз қоғамдағы маңызды әлеуметтік және құқықтық мәселелерді ғылыми тұрғыдан зерттеуге ерекше көңіл бөледі. Сондықтан осы бағыттағы жұмыстар ары қарай да жалғасады.