Тарих және Жалпы ақпарат

Акушерлік - гинекология кафедрасы 2009 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент қаласындағы оқу-клиникалық базасында құрылды. Кафедраның тұңғыш меңгерушісі болып доцент А.Ж.Даниярова, 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін доцент Бегімбекова Ләззат Мықтыбековна басқарып келеді.
Акушерия - гинекология кафедрасында оқытудың келесі медициналық бағдарламаларымен қамтамасыз етеді: «5В130100-Жалпы медицина» интернатура мамандығы, 7R01102-«Ересектердің, балалардың акушерия және гинекологиясы» резидентура білім беру бағдарламасы. Тәжірибелік сабақтар интерактивті оқу әдістері бойынша жүргізіледі: теориялық мәліметтерді оқытушымен талқылау, науқастарды клиникалық талдау, топтық дискуссия, эвристикалық әңгімелесу, тренингтер, проблемалық бағдарламаларымен оқыту элементтері қолданылады.