Миссия және Көрініс
5В130200 – Стоматология мамандығы бойынша білім алушыларды даярлауда білім беру бағдарламаларының негізгі мақсаты:
- Кәсіби мәдениет деңгейі жоғары, соның ішінде кәсіби қарым-қатынас мәдениеті бар, азаматтық ұстанымы бар, заманауи ғылыми және практикалық мәселелерді тұжырымдай және шеше алатын, кәсіби қызметті табысты жүзеге асыратын мамандарды даярлау.
- Білім берудегі, зерттеулер мен стоматологиялық тәжірибедегі инновациялар арқылы адамдардың денсаулығы мен өркендеуіне ықпал ететін заманауи стоматологияға қажетті халықаралық стандартқа сәйкес кадрларды - кәсіби стоматологтарды, зерттеушілерді даярлау;
- Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) саласы үшін білімалушыларды теориялық және практикалық даярлау, білімалушыларды бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ететін аса маңызды және тұрақты білімді игеруі есебінен білім берудің жоғары сапасына қол жеткізу;
- 7R01130 -Терапиялық стоматология мамандығы бойынша өз бетінше жұмыс істеу үшін маман дәрігерлердің сапасына қойылатын заманауи талаптарға жауап беретін білікті, бәсекеге қабілетті кадрларды дайындау.