shape
shape

Миссия және көрініс

Миссия және Көрініс

Миссия

Стоматология  мамандығы бойынша өз бетінше жұмыс істеу үшін маман дәрігерлердің сапасына қойылатын заманауи талаптарға жауап беретін білікті, бәсекеге қабілетті кадрларды дайындау.

Міндет

  • Клиникалық диагнозды қалыптастыруға, емдеу жоспарын тағайындауға және стоматологиялық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде дәлелді практика негізінде оның тиімділігін бағалауға қабілеттігін дамыту;
  • Қауіп-қатерлерді бағалауға және жоғары қауіпсіздік деңгейін және медициналық көмек сапасын қамтамасыз ету үшін ең тиімді әдістерді пайдалануға қабілетті мамандар даярлау;
  • Адекватты зерттеу сұрақтарын тұжырымдауға, кәсіби әдебиетті сыни бағалауға, өзінің күнделікті қызметінде халықаралық  деректер базасын тиімді пайдалануға, зерттеу дағдыларын дамыту;
  • Өз мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық және ұйымдастыру алаңы шеңберінде  ұлт денсаулығын нығайту саясатын жүзеге асыру үшін кәсіби маман қалыптастыру; 
  • ХҚТУ  «Профилактикалық медицина және стоматологиялық пәндер» кафедрасы озық білімді генерациялау және кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру негізінде медициналық білім беру моделін енгізу арқылы еңбек нарығында бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие мамандарды даярлау жүйесінде көшбасшы болу.