shape
shape

Тарих және жалпы ақпарат

Тарих және жалпы ақпарат

«Дене мәдениеті» кафедрасы - бәсекеге қабілетті, жеке тұлғалық қаситтері дамыған, терең білімді, шығармашылық кәсіби ойлау қабілеті жоғары, ғылыми әлеуметтік сипаты мол, спорттың турлі саласынын үздік мамандары жиналған университет құрылымының бірі.

Кафедра 2000-2001 оқу жылында тарих және филология факультетінің құрамында 6B01405- «Дене шынықтыру мәдениеті және спорт» атаумен «Дене тәрбиесі пәні мұғалімдері мен спорт» түрлерінін жаттықтырушы мамандарын дайындайтын кафедра болып құрылды. 2001-2002 оқу жылынан бастап «Спорт және өнер» факультеті, дербес факультеті болып оның құрамында «Дене шынықтыру және спорт, Бастапқы әскери дайындық» кафедралары болып енді.

2011-2012 оқу жылынан «Дене шынықтыру және спорт » және «Бастапкы әскери дайындык» мамандықтарын дайарлайтын «Дене мәдениеті» кафедрасы болып өзгертілді. Кафедра жоғарғы деңгейде әлем, халықаралық, республикалық чемпиондарды дайындайтын орталықтардың бірі болды.

6B01405-Дене шынықтыру және спорт, 6В01404 -Бастапкы әскери дайындық және 7M01405-Дене шынықтыру және спорт, мандықтары бойынша дәріс жүргізетін оқытушы-профессорлар құрамы - 21. Оның ішінде 1 ғылым докторы, 5 ғылым кандидаты, 2 PhD докторы, 3 доцент, 1 ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы, 6 ҚР құрметті спорт қайраткері, 5 профессор, 8 аға оқытушы. Аталган мамандықтардың міндетті курстарын кафедраның тәжірибелі, біліктілігі жоғары оқытушылары жүргізеді.