shape
shape

Тарих және жалпы ақпарат

Тарих және Жалпы ақпарат

Кафедра 2014 жылдың 1-ші қыркүйегінде «Дене тәрбиесі» атауымен құрылды.

Бүгінгі таңда кафедраны  PhD аға оқытушы Рахымжанов Алпамыс Орынтайұлы басқарады. 2023 жылы 10 қазан №2 хаттамасымен кафедра атауы «Дене тәрбиесі және бастапқы әскери дайындық» болып өзгерді. 2023-2024 оқу жылынан бастап 6B01485 «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» және 6В01404-«Бастапқы әскери дайындық» білім беру бағдарламалары бойынша білім бакалавры өзінің кәсіби қызметін білім беру саласында атқарады.  Университеттің барлық мамандықтары бойынша 1,2-курс студенттеріне типтік бағдарлама негізінде дене шынықтыру сабақтары жүргізіледі. 

«Дене тәрбиесі және бастапқы әскери дайындық» кафедрасында  19 профессор-оқытушылар қызмет атқарады. Олар 1 ҚР Құрметті спорт қайраткері профессор, 1 ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы, профессор, 1 п.ғ.к., доцент, 1 PhD доцент, 1 PhD аға оқытушы, 1 ҚР Құрметті спорт қайраткері, доцент 1 полковник аға оқытушы, 2 подполковник аға оқытушы, 10 аға оқытушы, 1 аға лаборант. Сонымен бірге  жоғарыда аталған профессор-оқытушы құрамының 1 СССР спорт шебері.   Бүгінгі күнгі жалпы  осы кафедрада сабақ беретін,  ғылыми атағы бар профессор-оқытушылар құрамының саны  5,  ғылыми дәрежелік пайызы  50% құрайды. Профессор – оқытушылар құрамы Дене шынықтыру пәні мен бастапқы әскери дайындық мамандықтары бойынша халықаралық талаптарға сәйкес біліктілік жетілдіру курстарынан өткен. Сонымен қатар «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша сабақ беру және бағалау» тақырыбында және  «Инкулюзивті білім беру» тақырыбында біліктіліктерін жетілдірді.

Оқу форматын онлайн түрге ауыстырған жағдайда кафедра ОПҚ пәндер бойынша  контенттерін толық дайындап https://portal.ayu.edu.kz  модульіне жүктелді. Пән бойынша аралық бақылау тапсырмалары, емтихан билеттері чеклист түрінде жүргізіліп ЖОО талаптарына сәйкес 100 % жасалды.