Хабарландырулар

shape
shape

Миссия және Стартегиялық мұраты

Миссия және Стратегиялық мұраты

Миссия: Хирургиялық аурулар жалпы практика дәрігерін дайындауда негізгі пәндердің бірі болып табылады. Қазіргі хирургия-медицинаның көптеген ауруларды емдеу мәселелерін сәтті шешеуге мүмкіндік беретін деңгейге жеткен саласы. Хирургиялық патология кезінде клиникалық ойлауды, білім мен іскерлікті қалыптастыру, диагностика мен тиімді хирургиялық тәсіл принциптері медициналық ЖОО-лар түлектерінің кәсіби қызметінде қажет болады. 

Мақсаты:  

  • Клиника, диагностика, емнің хирургиялық әдістеріне көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерді анықтау, кең тараған хирургиялық ауруларды операция жолымен емдеу принциптері туралы білім беру; 
  • Білімгерлерді хирургиялық науқастарды тексеру әдістемесіне үйрету; 
  • Тұлғалармен қарым-қатынас жасау және пациенттерге консультация беру машықтарын жетілдіру.

Міндет:

  • Кафедрада жүргізілетін пәндерді оқытудың және оқытудың соңғы нәтижелерінің тиімділігі мен табыстылығын жоғарылату және ұдайы жақсарту;
  • Халықаралық танылған және беделді рейтингтерде (QS World University Ranking) медицина факультеті мен университеттің үлесін жоғарылату.
     

Кафедраның стратегиялық мұраты:

студенттердің клиникалық ойлау қабілетін қалыптастыратын іргелі ғылымдар бойынша жоғары сапалы білім беру;

іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді дамыту арқылы аймақтық және халықаралық ғылыми кеңістікке ену;

заманауи технологиялар мен педагогикалық әдістерді кеңінен енгізу;

ғылыми ізденісті, академиялық адалдық пен кәсіби этиканың жоғары мәдениетін қалыптастыру;

халықаралық серіктестіктер арқылы академиялық ұтқырлық пен ғылыми ынтымақтастықты кеңейту.