shape
shape

Хабарландырулар

Blog Image

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ,РЕЙТИНГ ЖӘНЕ САПА ОРТАЛЫҒЫ БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасы Түркістан қ, Саттарханов д-лы 29В мекен жайында орналасқан «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» мекемесінің төменде көрсетілген бөлімдеріне бос орындарға конкурс жариялайды.

1. Стратегиялық даму,рейтинг және сапа орталығы

             Қызмет атауы   

 Штат бірлігі

1  

Маман  

 0,5 ш.б.

-Жоғары білімі болуы қажет;

- ISO 9001-2015 «Сапа менеджмент жүйесі.Талаптар» стандартын; 
- ISO 37001-2016 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  менеджмент;
- Іс қағаздарын жүргізу бойынша ұйымдық жұмыстарды білуі тиіс.

Қажетті құжаттар тізімі:

1) түйіндеме;

2) жоғары білім туралы дипломның, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;

3) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстыру үшін түпнұсқалар;

4) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

5) наркологиялық ұйымнан анықтама;

6) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

Қосымша деректер:

Комиссия хатшысы Адам ресурстарын басқару бөлімінің жетекші маманы Калдыбаева Акнур,  электрондық пошта (aknur.kaldybayeva @ayu.edu.kz), байланыс телефоны:  8701-326-27-79

1. Бос лауазым конкурсы 5 күнтізбелік күнге жарияланады.

2. Құжаттарды қабылдау беру мерзімі: құжаттарды қабылдаудың соңғы  

күні мен уақыты: 2024 жылдың  02 сәуір, сағат 18-00 дейін.

ӘКІМШІЛІК-БАСҚАРУ және ӘКІМШІЛІК-ШАРУАШЫЛЫҚ, ҚОСАЛҚЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҰРАМЫНДАҒЫ БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ мен университеттің сайтында танысуға болады