ТҮРКИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР ӨЗ ТӘЖІРИБЕЛЕРІМЕН БӨЛІСТІ
Атап айтқанда, Стамбул университеті және Жеррахпаша медицина факультетінің невропатолог дәрігері, профессор доктор Харун Жансыз, дәрігер маман Рафет Йылдырым мен ортопед дәрігері, профессор доктор Мехмет Акиф Кайгысыз өз бағдарламалары аясында КДО дәрігерлерімен бірлесе отырып, бірнеше ота жасады.
Өңірде жиі жасала бермейтін оталар сәтті өтті.
Сонымен қатар, түркиялық дәрігерлер университетіміздің Клиника-диагностикалық орталығы мен Түркістан телеарнасының бірлескен жобасы – «Шипа» бағдарламасында қонақта болып, еліміздің әр өңірінен түскен түрлі сауалдарға жауап берді.
Сонымен қатар, университетіміздің денсаулық сақтау саласындағы жобасы аясында невропатолог, профессор доктор Чигдем Өзкара және нейрохирургия маманы, профессор доктора Мұстафа Узан практикалық және теориялық білім берді.
Ал, 22-24 мамыр аралығында Түркістан қаласы мен оған жақын облыстардан келген неврология, нейрохирургия, радиология және нейропсихология салаларының мамандарының қатысуымен «Эпилепсия мектебі» өтті.
Мектептің бірінші күні Түркияның жетекші эпилепсия мамандары теориялық білім берсе, келесі күндері Түркістан мен жақын маңдағы қалалардан келген диагнозы қойылмаған ауруларға баға берді. Эпилепсия хирургиясына сәйкес келетін науқастарды анықтау және оларды бақылау туралы шешімдер қабылданды.