ҚЫСҚЫ МЕКТЕП: АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР АПТАЛЫҒЫ АЯҚТАЛДЫ
Университет оқытушылары 3 күн бойы «Силлабустардың құрылымын жетілдіру» тақырыбында семинар-практикумдарға қатысты. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, тың мәліметтерге ие болды.
Семинар-практикум мақсаты – пәндер бойынша силлабус құруға қажетті практикалық дағдыларды меңгерту.
Айта кетейік, 37 тренер семинар-практикумдарды жүргізіп, қатысушылар межелеген нәтижеге қол жеткізді. Өткен семинарлар қорытындысы бойынша әр профессор-оқытушы құрамының өкілі өзінің жүктемесі бойынша таңдаған бір пәнінен ұсынылған үлгіге сәйкес силлабус дайындап, тренерге өткізді.
Осы тұста, қатысушылар: Құзыреттіліктер, оқу нәтижелері және бағалау критерийлері; Оқыту әдістері және жоспарланған оқу іс-шаралары, оқытуға жетекшілік ету; Оқу тапсырмалары және студенттердің жұмыс жүктемесі; Білім берудің инклюзивті жағдайларын қамтамасыз ету сияқты өзге де тақырыптарды өтті.
Сондай-ақ, 3 күнге созылған семинарда қолға алынған жұмыстар ары қарай жалғасын таппақ. Қатысушыларға жаңа талаптарға сай силлабустарды құрастыруға және оларды қорғауға 10 күн уақыт берілді. Оқытушылар жалпы көлемі 72 сағатты құрайтын біліктілікті арттыру сертификатырына ие болады.
Қысқы мектеп аясында алдағы аптада ғылым апталығы өтеді. Оқу ордамыздың оқытушы-профессорлар құрамы мен ғылыми қызметкерлерін, докторанттар және жас ғалымдарын Yasawi winter school-ға қатысуға шақырамыз!