Архив бөлімінің қызметтері
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Архив» бөлімі университеттің Жауапты хатшыға қарасты құрылымдық бөлімі болып табылады.
«Архив» бөлімі қызметінің негізгі бағыттары:
- пайдаланушылар мүдделері үшін университет құжаттарын қабылдау мен сақтауды жүзеге асыру;- құжаттарды қабылдау, құндылығын сараптау;
- тұрақты және уақытша сақталатын құжаттармен жеке құрам бойынша істердің, сондай-ақсақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы актілердің тізімдемелерін жасап, оларды рәсімдеу;
- сақталынатын құжаттарды тиісті қорларға бөлу және олардың сақталуын қамтамасыз ету;
- құжаттарды іздестіруді жеделдетуге арналған ғылыми-анықтамалық аппарат жүйесін жасау, оны жүргізу және жетілдіру;
- заңды және жеке тұлғалардың сұраныстарын орындау;
мұрағаттық анықтамалар жазу, құжаттардың көшірмелері мен үзінділерін әзірлеу және оларды ресімдеу.
«Архив» бөлімнің алдына қойылған міндеттерін орындау үшін қажетті ақпараттарды алу мақсатында университеттің барлық құрылымдық бөлімшелерімен өзара қарым -қатынаста болады.