Хабарландырулар

shape
shape

Хабарландырулар

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

Сіздерді 2025 жылы сәуір айының 03-05 жұлдыздарында өтетін «Қазақстан Республикасында балалар бет, жақ сүйегі хирургиясының келешегі» атты Халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырамыз. Конференция қатысушыларының баяндамаларында және пікір таластарында балалар бет, жақ сүйегі аймағы хирургиясы саласында инновациялық технологиялардың  маңыздылығы, ғылым мен теорияның сан қырлылығын, қоғамның қазіргі дамуында жас мамандарға  кәсіби дағдыларды үйретумен қатар білімді және білікті етіп дайындаудың инновациялық әдістері ұсынылады.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

  1. Балалар бет, жақ сүйегі хирургиясы саласының өзектілігі мен оны шешу

мәселелері мен кәсіптік жоғары оқу орындарында бет, жақ сүйегі хирургі мамандарын дайындау жүйесі.

  1. Бет, жақ сүйегі аймағы хирургі мен тәжірибелі денсаулық сақтау саласының кәсіптік жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастығы.

Конференцияның жұмыс күндері 2025 ж. 03- 05 сәуір

Конференция қазақ, орыс, түрік, ағылшын тілдерінде өтеді.

Конференция материалдары ғылыми жинақ түрінде жарияланатын болады. Халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференциясына қатысу үшін 2025 жылдың 30-шы наурызына дейін:

- конференцияға қатысу өтініші;

- конференция талабына сай рәсімделген мақала (шрифт Times New Roman, өлшем 14 пт, жиектері – 2 см, қатараралық интервал – бірлік, Формат Microsoft Word 2003, 2007, 2010, ені бойынша бірдей, А4 бетінің форматы, материалы 5 беттен аспайтын мақаланың электронды нұсқасы мен баяндама мәтінін қағаз жүзінде поштаға немесе электронды мекен-жайға жіберу керек);

- өтінім формасы жіберілу керек.

Мақаламен бірге келесідей ақпараттар болуы тиіс:

1. ӘОЖ индексі – бірінші беттің сол жақ бұрышында (1 аралық интервал арқылы).

2. Мақала атауы парақтың ортасына БАС ӘРІПТЕРМЕН қою шрифтімен жазылады (1 аралық интервал арқылы).

3. Мақала атауының астына автордың аты-жөні, тегі, ғылыми дәрежесі, қызметі, ұйым атауы мен электронды мекен-жайы көрсетіледі (1 аралық интервал арқылы).

4. Түйіндеме:

қазақ тіліндегі баяндамалар үшін резюме және summary,

орыс тіліндегі баяндамалар үшін түйін және summary,

ағылшын тіліндегі баяндамалар үшін түйін және резюме,

түрік тіліндегі баяндамалар үшін түйін және резюме курсивпен беріледі.

5. Ары қарай 1 аралық интервал арқылы баяндаманың негізгі мәтіні басылады.

6. Әдебиеттер негізгі мәтіннің соңында бір қатарға бос орын қалдырылып көрсетіледі (Дәйексөз алынған әдебиетке берілген сілтемелер мақала соңында, дәйексөз тәртібімен, төртбұрыш жақшада орналасады).

Мақала электрондық поштаға келіп түскеннен кейін мақаланың қабылданғандығы немесе қабылданбағандығы жөнінде міндетті түрде жауап қайтарылады.

Ұйымдастырушы-МодераторТемуров Фазладин Турабаевич

е-mail: fazladin.temurov@mail.ru,

Ұялы тел.: 8 702 783-12-33;

Конференция бойынша тіркеу мәселелеріне жауапты тұлғалар:

Кафедра қызметкерлері:

Абдукадиров Шохрух,

Убайдуллаев Жумадилла,

Баймырза Қожахмет

Құрметті әріптестер, конференция қатысушылары! Сіздерден материалдарды  жоғарыда көрсетілген талаптарды сақтап мұқият редакцияланған түрде ұсынуды өтінеміз.

Баяндама дайындау үлгісі:

ӘОЖ (12 пт.)

БАЛАЛАРДЫҢ ЭМПАТИЯСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА МУЗЫКОТЕРАПИЯ

МҮМКІНДІКТЕРІ (12 пт)

Қожамбекова Э.А. (12 пт)

Медицина ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы,

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан, Қазақстан (11 пт)

E-mail: aijan_baki@mail.ru (11пт)

Түйін (12 пт)

Summary (12 пт)

Баяндаманың негізгі мәтіні (14 пт)

--------------------------------------------------------------------------------------------

----------------------------------------------------------------------------------------------------

Әдебиет (12 пт)

Өтініш формасы:

1

Баяндамашының аты-жөні (толық)

2

Ғылыми дәрежесі, атағы

3

Ұйым атауы, қызметі

4

Мекен-жайы (индексті міндетті түрде көрсету)

5

Байланыс телефоны, факс (халықаралық код)

6

Баяндама атауы

7

Секция атауы

«Қазақстан Республикасында балалар бет, жақ сүйегі хирургиясының келешегі» атты Халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференциясының

пресс-релизі

Халықаралық ғылыми - тәжірибелік

конференциясының  атауы

«Қазақстан Республикасында балалар бет, жақ сүйегі хирургиясының келешегі»

Мақсаты:

«Қазақстан Республикасында балалар бет, жақ сүйегі хирургиясы саласының маңыздылығы, ғылым мен теорияның сан қырлылығын, қоғамның қазіргі дамуында жас мамандарға  кәсіби дағдыларды үйретумен қатар білімді де білікті етіп дайындаудың инновациялық әдістерді қолдану.

Міндеттері:

Университетіміздің халықаралық дәрежесін көтеру, стоматология факультетіне ғалым, профессорлар, ғылым кандидаттарын шақырумен қатар ғылыми қызметкерлер және ОПҚ-ын (магистратура, резидентура, докторантура) дайындау; Клиникалық-стационарлық базаларын қалыптастыру.             

Нәтижелері:

Конференция өткізу, ғылыми еңбектерді жариялау және сертификаттар тапсыру.                            

Модератордың

аты-жөні:

Темуров Фазладин Турабаевич

Ғылыми дәрежесі:

Медицина ғылымдарының кандидаты

Жұмыс орны:

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қаласы

Байланыс

телефондары:

Ұялы тел.: 8 702 783-12-33;

Е-mail:

fazladin.temurov@mail.ru