shape
shape

Біз туралы

Біз туралы

2013 жылы қыркүйек айының 1-ші жұлдызында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Сенаты шешімі негізінде медицина факультетінің құрамында «Стоматология» кафедрасы ашылды. Кафедра меңгерушісі болып м.ғ.к., доцент м.а., жоғарғы санатты дәрігер-стоматолог  Мұхтар Әмзебекұлы Искендиров тағайындалды.

12.11.2016 жылғы Өкілетті Кеңестің 53-ші мәжілісінде Университет Сенатының 29.08.2016ж. 1-ші мәжілісінде қабылданған шешімдер талқыланып, нәтижесінде 2017-2018 оқу жылынан бастап университетте Стоматология факультетін ашуға шешім қабылданды.

2017жылдың 1-ші сәуірінде факультет деканы болып профессор Юксел Түркөз тағайындалды. 2019-2020 оқу жылынан бастап факультет деканы болып Керем Энгин Акпынар тағайындалды.

2018-2019 оқу жылына дейін  265 түлектер бітірді.

Факультетіміз туралы

Факультетімізде Стоматология мамандығы бакалавриат деңгейінде 5 жылдық білім беру бағдарламасы бойынша жүргізіледі, бітірген студенттер интернатураны дипломнан кейінгі білім беру факультетінде жалғастырады.

Білім беру бағдарламалары Болон үдерісіне сай жұмыс берушілердің және заман талабына сай жаңарту жұмыстары үнемі жүргізіліп отырылады.

Факультеттің ерекшелігі – 2017-2018 оқу жылы қабылданған білімгерлер үшін Болон үдерісі және Түркия мемлекетінің медициналық жоғары оқу орындарымен сәйкестендіре отырып білім беру бағдарламасы дайындалуына байланысты, 1-ші курсқа қабылданған білімгерлер келесі оқу курстарында Түркияның кез-келген медициналық ЖОО-да сыртқы академиялық мобильділік алмасу бағдарламасы негізінде білім ала алатын мүмкіндікке ие болды. Бұл оқу жылында 1 және 2 курстар осы білім беру бағдарламаға сай білім алуда. Факультетімізде студенттер теориялық алған білімдерін науқаста қолдану мүмкіндігі және қарап үйрену,  білімдерін арттыруы мақсатымен стоматология клиникасы, студенттеріміз клиникаға дейін дайындық мақсатында муляж мен манекендерде тәжірибелік дағдыларды жасап үйренулері үшін құрылған фантом және протез-техник лабораториялары бар.

Факультет жоғары курс студенттері үшін университетіміздің Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің клиника–диагностикалық орталығында, «Ырыс-дент» клиникасында,  Dent-лайф стоматологиясында, Dental lux тіс емханасында, New Smile Turkestan тіс емханасында, Turan Dent тіс емханаларында практикалық дәрістер өткізіледі.

Факультетімізде қазақ, түрік, орыс,  ағылшын тілдерінде сабақ жүргізіледі, қажеттік туындаған кезінде аудармалар жасалынады.

Факультетіміз студенттері Университет қалашығында жатақхана, асхана, кітапхана, мәдениет орталығы, кафетерия және спорт алаңдары сияқты жерлерді пайдалана алады. Мәдениет орталығы студенттерімізге өз мәдени құндылықтарымен қатар бауырлас мемлекеттерден келген студенттерге көрсету және олардың да мәдени құндылықтарын көруге мүмкіншіліктері бар. Мұндай жағдай әлемде санаулы университеттердің ғана студенттеріне көрсете алатын ерекше мүмкіншілігі.

Факультетіміздің іс-шараларына қатысатын  студенттер үшін  жыл бойы концерт, көрме, көрме, саяхат және конференция сияқты әр-түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылуда.

Университетіміз жалпы 3042 орынды жатақханаға ие, оның ішінде  стоматология факультеті студенттері үшін 196 орын бөлінген және 2 студентімізге ақысыз тұру мүмкінділігі берілген.

Жалпы студенттердің түскі және кешкі тамақтарын университетіміз қалашығындағы 4 дана асханада ұйымдастырылылады. Сонымен қатар студенттердің басқа да қажеттіліктерін қамтамасыз ететін бірнеше супермаркеттер бар.

16.06.2017 күнгі №6 Университет Сенат мәжілісінің шешімі бойынша:

Факультетімізде

  • Терапиялық және ортопедиялық стоматология кафедрасы
  • Хирургиялық және балалар жасындағы стоматологиясы кафедрасы
  • Фундаментальды медициналық ғылымдар кафедрасы

негізгі кафедра бар.

Факультетімізде 2 профессор, 16 ғылым кандидаты, 1 PhD және 33 оқытушы тарапынан оқу-әдістемелік, ғылыми жұмыстар жүргізілуде.