БОКСШЫ СТУДЕНТІМІЗ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Ұлттық құрама намысын қорғаған спортшы 92 келі салмақ дәрежесі бойынша ақтық сында Тәжікстан боксшысы Парвиз Каримовтің осал тұсын тапты.
Ханчжоудағы Азия ойындарының қола жүлдегері атанған студентіміз Сағындық Тоғамбай бірінші және екінші раунда қарсыласын есеңгіретіп тастады. Осыдан кейін де ауыр соққыларымен Каримовке ес жиғызбады, нетижесінді төреші айқасты тоқтатуға шешім қабылдады.
Осылайша, студентіміз бокстан Қазақстан ерлер құрамасының қоржынына алтын жүлдені салды.
Шәкіртіміз Сағындық Тоғамбайдың жарқын жеңісі құтты болсын! Спортшымызға әрдайым сәттілік тілейміз!
«B013 – Биология мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындары студенттері арасында XVIІІ Республикалық пәндік олимпиадасы
26-27 наурыз күндері Биология кафедрасы / «Ботаникалық бақ» ғылыми-зерттеу институты тарапынан «АГРОБИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ БАҒЫТТАРЫ МЕН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ШЕШІМДЕРІ» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми - теориялық конференциясы ұйымдастырылып отыр. 