shape
shape

Факультет тарихы

Факультет тарихы

Филология факультеті 1991 жылы шілде айында Тарих-филология факультеті болып құрылды. Факультеттің тұңғыш деканы тар.ғ.к., проф. С.Мадуанова болса, одан кейінгі жылдарда факультетті Ж.Истаев, К.Атик, А.Абуов, Х.Север, К.Атик, В.Жошкун, К.Коч, Қ.Қадашева, Р.Таукебаева, Н.Қ. Айтбаева басқарды. Алғашқыда, факультет тарих және қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтары бойынша, шығыс тілдерінің бірін (қытай, парсы, араб және түрік) жетік меңгерген ғылыми қызметкерлер мен жоғары оқу орындарының оқытушыларын дайындауды қолға алды. Факультетте ф.ғ.д., проф. М. Мырзахметов, тар.ғ.д., проф. М.Әбілтайн, өнер қайраткері, проф. Р. Сейтметов, ф.ғ.д., проф. Қ.Қосанбаев, ф.ғ.д. Қ.Ергөбеков, тар.ғ.д., проф. Г.Чандарлыоглу, ф.ғ.к., проф. М.Ержанов, ф.ғ.к. С. Нұрматов,  ф.ғ.к.  Ж.Жанпейісова, ф.ғ.к.  С.Тәшенов, ф.ғ.к. Т.Дәуірбаева секілді  отандық және шетелдік ғалымдар қызмет атқарды. Факультеттің құрамында алғашқы кезеңдерде Тарих кафедрасы және Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы жұмыс істесе, оның саны кейінгі жылдарда артып он жетті. 2021 жылдан бері PhD, доцент Абдулкадир Өзтүрк басқарып келеді.